Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Қожа Ахмет Ясауи және Абай шығармаларындағы рухани сабақтастықты талдап шешіңіз



бет64/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған

Қожа Ахмет Ясауи және Абай шығармаларындағы рухани сабақтастықты талдап шешіңіз

Абай «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңінде Ахмет Йассауидің мораль философиясындағы құдайды танып-білу, имандылық, ораза, қажылық, т. б. мұсылман дінінің негізгі қағида-шарттарын, парыз-қарыздарын зор білгірлікпен жырлайды. Абайдың «имани гүл» (үш сүю), «жәуанмәртлік», «толық адам» сияқты аса күрделі гуманистік ойлары Йассауи философиясынан туындап жатады. Абай өзінің «Жиырма жетінші», «Жиырма сегізінші сөздерінде» және бірқатар өлеңдерінде кезінде Йассауи қолданған діни атаулар мен терминдерді сол күйінде, өзгертпей жазады.
Сондай-ақ Абай өз ұстазы Йассауи сөзімен айтқанда, «ділі, көңілі қара надандарды», «ғибрат сөзді естімейтін, білмейтіндерді» өлтіре сынайды.
Абай:
Жамандық, жақсылықпен - оған бір бәс,
Дін ісін, құдай ісін айыра алмас.
Арын сатып, ант ұрып іздегені –
Бір семіз ат, аяғы бір табақ ас, -
Деп зор күйінішпенжазады.



  1. Ахмет Ясауи кесенесіндегі ағаш есіктер туралы мәселені талдап көрсетіңіз

Ислам сәулет өнерінің бір бөлшегі есіктерді өрнектеу белгілі бір ережелерге сай дамығаны белгілі. Осыған орай өрнектік сарынды геометрияланған,эпиграфикалық, өсімдік тектес өрнектердің үйлесуінің керемет үлгілерін шеберлер дамыта білген. Оның бір үлгісі ретінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қазандық және көрхана бөлмелерінің ағаш есіктерін айтуға болады. Қоладан соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары халық өнерінің інжу-маржандарына жатады. Ағашқа ою-өрнек салу өнерінің Қазақстан мен Орта Азияда өте ерте заманнан дамып келе жатқаны белгілі. XIV ғ. екінші жартысымен, 1397 жылмен мерзімделген Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ағаш есіктерінің әрленуі осының куәсі деуге болады. Кезінде көрхана есігінің ою-өрнектері сүйекпен ерекше нақышталған. Есік жұқа темірмен қапталып, оған алтынмен жазулар түсіріліп, үстіндегі тас тақтайға көрхана Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылғандығы жайында жазылған. Шеберлер мешіттерді, ол өнер туындыларын, діни рәсімдік заттарды әрлеуде ою-өрнектердің ең көне түрлерін, ислам ережелерінің талаптарына сай үйлестіріп өрбітті. Оны ағаш есіктерде түсірілген өрнектер сарынынан кзреміз. Сол кездегі шеберлер ағаш есікті жасауда қараағаш, терек, жаңғақ,арша, тұт т.б. ағаш түрлерін қолданды. Ағаш есіктерді ойып әрлеу өте жоғары жетілген деңгейде дамыды. Оларды өңдеуде, әрлеуде әртүрлі ағаштардың жиынтығы үйлестіре отырылып пайдаланылды.Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі ағаш есіктер кезінде алтын,күміспен әшекейленіп, сүйекпен әрленген



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет