Юриспруденция кафедрасы


Құқық нормаларының түрлері



бет34/61
Дата18.06.2022
өлшемі1,18 Mb.
#146739
түріСеминар
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61
Байланысты:
Юриспруденция кафедрасы

2. Құқық нормаларының түрлері. Заң нормаларының түрлері:
1)реттеуші және құқық қорғаушы;
2)құқық беруші, тыйым салушы және міндеттеуші;
3)императивтік және диспозитивтік.
Реттеуші норма – бұл субьектінің субьективтік құқықтары мен міндеттерін, олардың пайда болу және әрекет ету жағдайларын анықтайтын норма.
Құқық қорғаушы норма – бұл субьектіге мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың жағдайларын, осы шаралардың сипаты мен мазмұнын анықтайтын норма.
Құқық беруші норма – бұл субьектіге белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруға байланысты құқықтарды беретін норма.
Тыйым салушы норма – бұл субьектіге белгілі бір әрекеттерді жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма.
Міндеттеуші норма – бұл субьектіге белгілі бір мазмұндағы әрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма.
Императивтік норма – бұл қатаң ережелер түрінде көрініс табатын және құқық субьектілерінің қалауларынан тәуелсіз түрде әрекет ететін норма.
Диспозитивтік норма – бұл өзіндік қалау бостандығын білдіретін норма.
3.Құқық нормаларының құрылымы. Құқықтық норманың құрылымы үш элементтен құралады: гипотеза, диспозиция және санкция.
Гипотеза – бұл құқықтар мен міндеттердің пайда болу жағдайын көрсету.
Диспозиция – бұл құқықтар мен міндеттердің өзін көрсету.
Санкция – бұл норманы бұзудан туындайтын қолайсыз салдарды көрсету.
Бұл үлгінің сөздік кестесі мынадай «егер ... , онда ... , бұлай болмаған жағдайда ...». мысалы, займ шарты жазбаша нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Логикалық түрде бұл норманы былай құруға болады: егер займ шарты бекітілген болса, онда ол жазбаша түрде жасалуы тиіс, бұлай болмаған жағдайда, шарттың күші болмайды.
4.Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасы. Құқық нормасы мен нормативтік акт бабы бір ұғымдар емес, көп жағдайларда олар сәйкес келмеуі де мүмкін. Құқық нормасы – бұл гипотезадан, диспозициядан және санкциядан құралған жүріс-тұрыс ережесі, ал заңшығармашылық актісінің бабы-бұл құқық нормасының жүзеге асырылу құралы, мемлкеттің ерік білдіру нысаны. Құқық нормасы нормативтік акті бабының мазмұны болыа табылса, бап құқықтық норманың нысаны болып табылады. Олардың арасындағы байланыс әртүрлі сипатқа ие. Жүріс-тұрыс ережесін бекіте отырып, заңнама құқық нормасының логикалық құрылымының үш элементін де нормативтік актінің бір бабына енгізуі мүмкін, бір бапқа бірнеше құқық нормасын енгізуі мүмкін, кейбір жағдайда құқық нормасы элеметтерін әр түрлі нормативтік актілердің бірнеше баптарында немесе бір нормативтік актінің бірнеше баптарында көрсетуі мүмкін.
Көрсету тәсілдері бойынша құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасының үш түрі болады:
А)тікелей тәсіл – құқық нормасы нормативтік акт бабының өзінде тікелей көрсетіледі;
Ә)сілтемелі тәсіл – нормативтік акт бабы норманы толығымен ашпастан, осы актінің басқа бабына сілтеме жасайды;
Б)бланкеттік тәсіл – нормативтік акт бабы нақты бір бапқа емес, белгілі бір нормативтік акті түріне сілтеме жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет