Юриспруденция кафедрасы


Құқықтың объективтік және субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи құқық. Бұқаралық және жеке құқық



бет32/61
Дата18.06.2022
өлшемі1,18 Mb.
#146739
түріСеминар
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61
Байланысты:
Юриспруденция кафедрасы
Түйіндеме, қылмыс саты, ZG2022-7, century, famous teenagers you admire, пульмо, нефро каз, геронтология ж не гериатрия кітап, Геморрагические заболевания у детей
5. Құқықтың объективтік және субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи құқық. Бұқаралық және жеке құқық. Объективтік құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. . Объективтік құқықбұл нақты бір мемлекеттегі белгілі бір кезеңдегі заңнама, заң әдеттері, заңды прецеденттер және нормативті шарттар. Оның объективтілігі жеке тұлғаның еркі мен санасынан тәуелсіз болып, оның тиесілі болмауынан көрініс табады.
Субъективтік құқық – бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, заңды мүмкін жүріс тұрыстың шамасы. Субъективтік құқықтар ретінде адамның нақты құқықтарын (еңбек етуге, білім алуға т.б.) атауға болады, олардың субъективтілігі тұлғамен байланыстылығынан, оған тиесілігінен және оның сапасы мен еркінен тәуелділігінен көрінеді.
Заңды мағынадағы құқықпен (объективтік және субъектитік құқықтар) өатар табиғи құқық та болады, ол өмір сүруге, бостандыққа және т.б. құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың қатарына жататын құқықтар бір жерде бекітілген бекітілмегеніне қарамастан өмір сүреді, олар өмірдің өзінен тікелей туындайды.
Табиғи құқыққа қарағанда заңды мағынадағы құқық позитивтік құқық ретінде көрініс табады, яғни олар заңдар мен басқа да қайнар көздерде бекітілген.
Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:
а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар, заң шығарушылар, соттар, құқық субъектілері қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығын, мақсатты ерікті қызметінің нәтижесі болып табылады;
б) ол заңдар немесе басқа да қайнар көздер түрінде, яғни, жәй ой, идея түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ретінде өмір сүреді.
Құқықтың пайда болу кезінен бері және оның дамуы барысында оның бір мезетте әрі қарама қайшы, әрі өзара байланысқан екі жағы анықталды. Бірінші жағы бұқаралық құқықтық жағы, екінші жағы жеке құқықтық жағы.
Бұқаралық құқық бұл мемлекеттік істер саласы, яғни билік пен бағыныстылық қатынастарына негізделген мемлекеттің бұқаралық билік ретіндегі және барлық бұқаралық институттардың құрылымы мен қызметі.
Жеке құқық бұл жеке істер саласы, яғни дербестік, субъектілердің заңды теңдігі бастамаларына негізделген еркін тұлға, институттар мәртебесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет