Юриспруденция кафедрасы


Жанама (эвентуалдық) ниетте



бет46/61
Дата18.06.2022
өлшемі1,18 Mb.
#146739
түріСеминар
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61
Байланысты:
Юриспруденция кафедрасы

Жанама (эвентуалдық) ниетте субъект өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зиянды екенін білсе де, бірақ зардаптың болу­ын тілемесе де, оған саналы түрде жол береді, немесе немқұрайлы қарайды. Мысалы, дәрігер 4 ай болған жүкті әйелге заңсыз аборт жасайды. Соның нәтижесінде әйел қаза табады. Бұл жер­де дәрігер өзінің заңсыз әрекетінің қауіпті екенін біле тұра, оның өлуі мүмкін екенін болжай тұра сол әрекетке барады, бірақ әйелдің өлімін тілемейді, саналы түрде жол береді.
Теорияда ниеттің қалыптасу уақытына байланысты күні бұрын ойланған ниет және кенеттен пайда болған ниет болып бөлінеді.
Күні бұрын ойланған ниет құқық бұзушылық жасағанға дейін адам санасында пайда болған ниет. Мысалы, субъект адамды өлтіру үшін күні бұрын өлтірудің амалын ойлайды, жоспарын құрады, сәті түскен кезде өлтіреді. Теорияда бұл ниет өте қауіпті болып танылады.
Кенеттен пайда болған ниет арқылы жасаған құқық бұзушылықта субъект өзінің құқық бұзушылыққа бару ниетін аяқ астынан іс жүзіне асырады. Мысалы, сатушының алдында жатқан ақшаны көріп, ала қашады.
Сонымен қатар теорияда ниет айқын және айқын емес бо­лып бөлінеді.
Айқын ниеттегі субъект өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті, зиянды екенін біле тұрып, нақтылы зардаптың болуына өзінің әрекетін бағыттайды. Мысалы, пәтерден ұрлық жасағанда қылмыскер меншік иесінің мүлкіне қол сұғатынын жақсы біледі.
Айқын емес ниеті бар субъект қоғамға қауіпті зардаптардың болатынын біле тұрса да, өзінің ойында қандай нәтиже болатынын көзіне елестете алмайды. Мысалы, екі құрылысшы ерегесіп қалып, біреуі төменде кетіп бара жатқанға кірпіш тастайды. Бұл әрекеттен кірпіш тастаған субъект оның не басына зақым келетінін, немесе өлетінін білген, ниеті айқын емес.
Кінәнің екінші түрі - абайсыздық. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі абайсыздықтың екі түрін көрсетеді. Атап айтқанда 21-бапта: «1. Менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зар­даптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады». Менмендікпен жасалған әрекетке мынандай мысал келтіруге болады. Жүргізуші автомобильді айдап келе жатып жылдамдығын арттыра түседі. Абайсызда көшені жүгіріп өтіп келе жатқан адам автомобильдің астына түсіп, қаза табады. Бұл жерде жүргізуші өзінің әрекетінің қоғамға қауіпті екенін біле тұра жеңіл оймен, зардап болмас деп ойлайды. Себебі ол өзінің тәжірибесіне, автомобильді жақсы меңгергеніне сенеді. Немқұрайлыққа мысал. Учаскелік инспектор тапаншасын тазалап отырып, стволдың ішінде оқ барын байқамай, абайсыз­да шапаны басып қалады, оқ жанында отырған әйеліне тиіп, қайтыс болады. Болжап білуі тиіс еді, бірақ біле алмайды. Жасалынған құқық бұзушылық міндетті түрде заңды жауапкершілікті тудырады. Істеген қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылмаған қоғамда, әділсот ісінің салтанат құруы, заңдылықтың орнауы мүмкін емес. Сондықтан заңды жауапкершіліктің қоғамда атқаратын рөлі ерекше. Халықтың әлеуметтік психологиясы құқық бұзушылық жасап, қоғамға, мемлекет мүддесіне зиянды зардаптар келтірген адамның пара беріп, айла-амалдар тауып заңды жауапкершіліктен құтылып кетуі коррупцияның нағыз шыңы деп қабылдайды com билігіне сенімсіздігін қалыптастырады. Ал, соттарда нағыз әділеттілік орнамауынша құқықтық мемлекет құру идеясы бос сөз болып қала бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет