Юриспруденция кафедрасы



бет43/61
Дата18.06.2022
өлшемі1,18 Mb.
#146739
түріСеминар
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61
Байланысты:
Юриспруденция кафедрасы

Талқылау сұрақтары:

  1. Қоғамдық сана дегенді қалай түсінесіз?

  2. Құқықтық сана анықтамасын беріңіз?

  3. Құқықтық идеология дегеніміз не?

  4. Құқықтық психология дегеніміз не?

  5. Құқықтық сананы жақсартудың қандай бағыттарын атай аласыз?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.


    1. 11\-",';''
    Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

  2. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.



14-ДӘРІС
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Мақсаты: Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік ұғымы туралы толық мағлұмат беру.
Жоспар:

  1. Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері.

  2. Заңды жауапкершіліктің түсінігі және оның түрлері.



1.Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері. Құқық бұзушылықтың тарихы тамырын тереңінен тартады. Саяси-құқықтық ілімдер тарихының ғылыми жетістіктерімен нәтижелеріне мұқият зер салып қарасақ құқық бұзушылық мемлекетпен құқық пайда болған сәттен бірге қалыптасқан. Себебі құқықтың пайда болуымен оның нормаларын бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау сияқты құқық бұзушылықтар да пай­да болады. Міне, сол кезеңнен бастап құқық бұзушылық қоғамның ажырамас серігі ретінде осы күнге дейін жойылған жоқ. Сондықтан құқық бұзушылықты жан-жақты зерттеу, оның алдын орау, болдырмау сияқты мәселелер адамзаттың алдында тұрған ең күрделі мәселелердің бірі. Мемлекеттің, қоғамның толыққанды дәрежеде өмір сүруі, қалыптасқан қоғамдық қатынастардың тұрақтылығы және адамдардың көңіл-күйімен отбасындағы тыныштықтардың бәрі құқық бұзушылықтың деңгейімен, онымен күресудегі нәтижеге байланысты. Құқық бұзушылықпен күресуде нақтылы нәтиже жоқ мемлекетте халықтың билікке деген сенімсіздігін арттырады, наразылығын тудырады. Сонда жалпы құқық бұзушылық дегеніміз не? Заң әдебиетінде оның анықтамасы тұрақты түрде қалыптасқан, барлық оқулықтар мен монографиялық зерттеулерде бір мағанада беріледі. Атап айтсақ құқық бұзушылық дегеніміз құқыққа қарсы бағытталған кінәлі және өзінің сипатымен қоғамға зиянды және қауіпті зардаптар туғызатын, арнайы жасқа толған субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі: Байқап қарасақ құқық бұзушылық негізінде төрт сипаттан қалыптасады:

  1. Әрекет, немесе әрекетсіздік.

  2. Құқыққа қарсылық.

  3. Субъектінің арнайы жасқа толуы.

  4. Кінә.

Бұл төрт элементтің біреуі жоқ болса, жеке адам құқық бұзушылық жасаған болып саналмайды.
Құқық бұзушылық екі түрге бөлінеді:
Теріс қылық.
Қылмыс.
Теріс қылық дегеніміз құқыққа қарсы бағытталған, қоғамға зиянды зардаптар туғызатын әрекет немесе әрекетсіздік. Теріс қылықтар қоғамдық қатынастарға зияндылық әсерін тигізеді, бірақ өте қауіпті болып саналмайды. Теріс кылықтар мынандай түрлерге бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет