Құқық бұзушылықтың субъекті деп жауапқа тартуға қабілеттілігі бар, құқық бұзушылық жасаған сәтте заң белгіленген арнайы жасқа толған адамды айтады. Құқық бұзушылықтың субъектілері болып заңды тұлғалар да табылады. Мысалы, газет жекеадамның, ар-намысын қорлайтын мақала басқаны үшін жауапқа тартылады (айып салынады, жабылады).
Субъект жалпы және арнайыболып екі түрге бөлінеді. Жалпы субъектбарлық адамдардың жасаған құқық бұзушылықтары үшінжауапқа тартылуы. Мысалы, кісі өлтірудің субъектісі жалпы субъектке жатады. Адамды кім де болса өлтіре алады: жас, кәрі, әйел. Бұл жерде мамандық, жыныс, жас әсер етпейді.Арнайы субъект заң белгілеген ереже бойынша құқық бұзушылық жасаған адам арнайы, қосымша нышандарға ие болуы тиіс. Мысалы, әскери қылмыстардың субъектісі болып әскери қызметкерлер ғана саналады, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарда арнайы субъект болып лауазымды тұлғалар болады.
Құқық бұзушылықтың субъектісі болу үшін, яғни, жасаған теріс қылығы және қылмысы үшін құқықтық жауапқа тартылуға арнайы шарттар қажет.
1. Субъект заң белгілеген жасқа толуы тиіс. Ол 16 жас, ал кейбір қылмыстар (ұрлық, кісі өлтіру, адамды ұрлау, тонау, адамды кепілге алу, зорлау және т.б.) үшін 14 жас болып белгіленген.
2. Құқық бұзушылық жасаған сәтте субъектінің өзінің құқыққа қарсы бағытталған әрекеттеріне жауап береді. Егер адам құқық бұзушылық жасаған уақытта есі дұрыс емес, немесе психикалық ауыру (шизофрения, эпилепсия, Дауна ауруы, мый сифилисі прогрессивті паралич, эпидемиялық энцефалит, маникалды-депрессиялық психоз) жағдайында болса адам жауапқа тартылмайды, оған мәжбүрлі түрде медициналық емдеу қолданылады.
Құқық бұзушылықтың объективтік жағыдеп оның жасалуының сыртқы көрінісін, субъектінің қоршағанорта мен заттарға әр түрлі мағанада жасалған әрекеттерініңнышандарын айтады. Құқық бұзушылықтың объективтік жағы құқық бұзушылық жасалғанда айқын көрініс беретін әрекетнемесе әрекетсіздік. Тек объективтік жағын айқындағаннан кейін ғана адамның қандай құқық бұзушылық жасағанын дәлме дәл байқауға болады. Мысалы, ұрлықтың объективтік жағы адамдардың мүліктерін жасырын түрде ұрлау болса, әйел зорлауда күш қолданып, немесе оны қолданбақшы болып корқытып, не жәбірленушініңдәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау, тонауда — бөтен мүлікті ашық ұрлау, қарақшылықта бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау болып табылады. Заң құқық бұзушылыққа сипаттама бергенде объективтік жағы арқылы оның нышандарын белгілейді.
Құқық бұзушылықтың объективтік жағы іс-әрекет (әрекет, немесе әрекетсіздік), себепті байланыс және зиянды зардапты қамтиды.
Іс-әрекет (әрекет, немесе әрекетсіздік)арқылы барлық құқық бұзушылық жасалады. Әрекет — адамның заң, құқық нормалары тыйым салған қоғамға қауіпті және зиянды істерді істеу немесе істелуіне жол беру. Әрекет әрқашан адамнан белсенділікті талап етеді, оның мінез-құлқынан өзінің көрінісін табады. Әрекет күш қолдану және күш қолданбауболып екі түрге бөлінеді. Мысалы, адамды өлтіру үшін оны күш қолдану арқылы көрсеткен қарсылығын әлсіретеді, ал, алаяқтық жасаған адам мүлікті алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы күш қолданбай алады.
Әрекетсіздік — жасауға тиісті әрекетті жасаудан бас тартып, қоғамға қауіпті мінез құлық таныту.Мысалы, анасы жаңа туған сәбиін емізбейді, науқасқа дәрігердің көмек көрсетпеуі, әскери қызметкердің қызмет орнына себепсіз келмеуі.
Зиянды зардап – жасаған іс-әрекеттің нәтижесінде қоғамдық қатынастарға, мүдделерге нұқсан, зиян келтіру. Құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі және зияндылығы сонда, ол қоғамның тыныс-тіршілігінің, өмір сүру жағдайының қалыптасқан тыныштығының ырқын бұзады, соның нәтижесінде зиянды зардап пайда болады. Көптеген құқықтық нормаларында зиянды зардап нақтылы мағынада көрсетіледі. Мысалы, «адам денсаулығына зиян келтіру», «ауыр зардаптар», «адамдардың өлуі» және т.б. Бұл материалдық зардаптар. Сонымен қатар зиянды зардапқа формалды зардаптар жатады. Мысалы, бандитизмнің қылмыстық құрамы. Бұл құрам бойынша адамдарды жауапқа тарту үшін формалды түрде объективтік жағынан «азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ (банда) құру, сол сияқты осындай топты (банданы) басқару» әрекеті болса жеткілікті. «Құру», «басқарудың» өзі қоғамға қауіпті болып саналады.
Себепті байланыс – жасалған іс-әрекетпен зиянды зардаптың арасындағы байланыс. Құқық бұзушылық істеген адамның тікелей әрекетінен зиянды зардаптың болуы. Себепті байланыс деген бір құбылыстың екінші құбылысты тудыруы, себеп салдарды қалыптастырады. Себепсіз салдар болмайды. Сондықтан себепті байланыс жоқ болса, жауаптылық та болмайды. Мысалы, шофер қалада машина айдап келе жатып, аялдамада тұрған автобустың алдынан атып шыққан адамда басып өлтіреді. Тергеу барсында шофердің ішімдік ішпегендігі және рұқсат етілген 40 жылдамдығымен келе жатқандығы анықталады. Экспертизаның қорытындысы бойынша жүргізуші барлық жол жүру ережесін сақтаған. Адам өзінің әрекетінің нәтижесінде өлімге ұшыраған. Бұл жерде жүргізушінің әрекеті мен адам өлімінің арасында себепті байланыс жоқ. Сондықтан ол кісі өлімі үшін жауапқа тартылмайды.
Шетел криминологиялық әдебиеттерінде «Conditio sine gua nоn» — «эквиваленттік теория» деп аталатын тұжырымдама бар. Бұл теория бойынша істің, оқиғаның барлық себептері тең мағынада пайдаланылады, ал «қажетті жағдай» нышаны жауапқа тартудың объективтік негізі болады. Мысалы, егер бір адам бір адамға пышақ салып өлтірген болса, адам өлімінің себебіне пышақ салған адам, кезінде пышақты жоғалтқан адам және оны жасаған адамдар жатады. Теория бойынша әр адамның әрекеті өлімге себеп болып тұрған болып бағаланады. Тәжірибеде қолдануда аталмыш теория қылмыстық жауапқа тартудың шеңберін кеңейте түседі, репрессиялық сипатқа ұласады. Тек іс-әрекетпен зиянды зардаптың арасында тікелей себепті байланыс болған жағдайда жауапкершілік туындайды.
Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы деп субъектінің жасаған іс-әрекетіне деген психикалық қатынасын айтады. Субъективтік жақ негізінде кінә, себеп және мақсат сияқты ұғымдарды қамтиды. Бұл нышандар құқық бұзушылық жасаған субъектілердің ішкі, сезімін, оның психикасындағы процестерді кеңінен қамтиды. Олардың бәрін толық анықтау арқылы адам жасаған құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі мен зияндығы айқындалады, жаза мөлшерінеәсер етеді.
Кінә деп субъектінің істеген құқық бұзушылыгына және оның зиянды зардаптарына қасақана, немесе абайсыз формасындағы психикалық қатынасын айтады. Кінә екі мағана,кезеңімен қамтылады.
Біріншісі,интеллектуалдық (зияткерлік) кезеңкінәлінің іс-әрекетін қоғамға қауіпті екенін, оның қоғамға қауіпті,немесе зиянды келтіретінін ұғынуы, немесе сондай зардаптардың болуын көре білуі.
Екіншісі,ерік кезеңі кінәлінің қоғамдыққауіпті немесе зиянды зардаптың болуын біледі, немесе оған парықсыздықпен, немесе менмендікпен, я болмаса немқұрайлықпен қарауы.
Кінә қасақана және абайсыз болып екіге бөлінеді. Қасақана жасалған құқық бұзушылық деп субъектінің өзінің іс-әрекетінің (әрекет, немесе әрекетсіздік) қоғамға қауіпті, зиянды екенін біле тұра, оның зиянды зардаптары болатынын біле тұра және сол зардаптардың туындауын тілеп істесе, немесе оған саналы түрде жол берсе, не оларға немқұрайлы қарағанын айтады. Қасақаналық тікелей және жанама атты екі түрге бөлінеді. Тікелей ниеттесубъект өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін, зиянды екенін біле тұра, оның зиянды зардаптары болатынын біле тұра және сол зардаптардың туындауын тілеп істейді. Мысалы, адам басқа адамның басын балтамен ұрғанда оның әрекеті қауіпті екенін біле тұра, сол соққыдан адам өлімінің болатынын сезініп және өлуін тілеп істейді.