Иррадиация принципі. Орталық жүйке жүйесінде қозудың таралуын иррадиация деп атайды. Егер әсер ететін тітіркендір- гіш күшті және ұзақ әсер ететін болса, иррадиацияның көрініс беруі де жоғары болады. Бір жүйке орталығында пайда болатын қозу көрші жатқан жүйке орталығына да тарала алады. Мұндай қозу таралуын ондағы нейрондар өсінділерінің толып жатқан тармақтарының және әртүрлі жүйке орталықтарын өзара байла- ныстырып жатқан аралық нейрондар тізбектерінің болатындығы қамтамасыз етеді.
Индукция принципі. Жүйке орталығында қозу тежелуге немесе тежелу қозуға жылдам ауысады, сонымен қатар бір жүй- ке орталығының қозуына байланысты екінші бір жүйке орталы- ғының қозуы тежеледі немесе бір жүйке орталығы тежелгенде екіншісінің қозуы күшейюі мүмкін. Мұны қозу мен тежелудің индукциясы деп атайды. Қозу мен тежелудің өзара әрекеттесуі индукция құбылысына негізделеді. Егер бір аяқты бүгетін еттер- мен байланысты жүйке орталығында қозу туғанда, оның жаз-
ғыш еттерімен байланысты тежелу туады (теріс индукция), ал екінші аяқты жазғыш еттерімен байланысты орталықта қозу ту- ғанда, бүгуші еттерімен байланысты, керісінше, тежелу туған (оң индукция). Антогонистік еттердің жүйке орталықтары бір мезгілде қарама-қарсы күйде болады. Бұл реципроктық иннерва- ция. Реципроктық иннервацияға байланысты туатын тежелуді – реципроктық тежелу деп атайды.
Рефлекстердің реципроктық иннервацияға негізделген бі- рін-бірі тежеуін бірмезгілді теріс индукция деп те атайды.
Рефлекторлық әрекеттердің үйлестіру механизмінде жүйке орталығы күйінің контрасты өзгерістерінің де маңызы үлкен. Мәселен, жүйке орталығын тежеуші әсерлер аяқталысымен онда қозу туа алады (бір ізді оң индукция) немесе қозу аяқталысымен тежелу туады (бір ізді теріс индукция).
Доминанта принципі.Бұл принципті А.А.Ухтомский аш- ты және оны ол жүйке орталықтары жұмысының негізгі принци- пі деп есептеді. Доминантаның мәнісі – белгілі бір жағдайда жүйке орталықтарындағы қозу басқа жүйке орталықтарындағы қозудан күшті және басым бола алады. Күші басым қозу ошақ- тары өзінен әлсіз қозу ошақтарына қарағанда доминантты рөл атқарады. Мұндай доминантты жүйке орталығы бір жағынан әл- сіз қозуларды тежейді, екінші жағынан, өздерін солардың есебі- нен одан әрі күшейте, тұрақтандыра түседі. Осыған орай, орын- далатын рефлекторлық реакциялар үйлесімді, белгілі бір мақсат- қа, пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттер іс- ке асады. Доминантты қозу ошағының басты қасиеттері: 1) жо- ғарғы қозғыштық; 2) қозудың тұрақтылығы; 3) қозуды жинақтай алуы; 4) қозуды тудыратын әсер тоқтағаннан кейін де ұзақ сақ- талуы.