Қан екі бөлімнен – плазмадан және қан түйіршіктері – эритро- циттерден, лейкоциттерден және тромбоциттерден тұрады. Фор-
малық элементтер қан көлемінің 45 %-ын, ал қалған 55 %-ы қан плазмасын құрайды. Эритроциттер ағзада оттегін тасымалдау функциясын атқарады. Олардың қандағы саны ағзаның қалыпты жағдайда тіршілік етуінде аса зор маңызы бар.
Қандағы эритроциттер саны 1 мм3 миллиондап есептелді. Ер адамдарда – 4,5-5 млн; әйелдерде – 4,0-4,5; ауыр жұмыстан кейін – 5,0-5,5, ал биік тау жағдайына бейімделгендер қанында 6,0-7,0 млн-ға жетеді.
Жұмыстың мақсаты:эритроциттерді санауға арналған ка- мераның құрылысымен, қанды сұйылту және ондағы эритроцит- терді анықтау тәсілдерімен танысу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: Горяевтің есептеу камерасы, эритроциттерді араластыратын құрал, микроскоп, жа- бынды әйнек, ине, 2% хлорлы натрий ерітіндісі, дистилденген су, спирт, эфир, йод, мақта.
Жұмыстың барысы:1. Қанды сұйылту. Меланжердің 0,5 белгісіне дейін ауызбен сору арқылы қанмен толтырады. Алғаш- қы тамшы қанды сүртіп тастап, екіншісін алу керек. Меланжер капиллярының ұшын 2% тұз қышқылы натрий ерітіндісіне ба- тырып, оның «101» белгісі тұрған деңгейіне дейін осы ерітінді- мен толтырады. Меланжерді горизонталь бағытта ұстап, резина түтікті суырып алады да, оның екі ұшын саусақпен қысып 4-5 минут шайқап, араластырады.
Горяев камерасын жұмысқа дайындау. Горяев камерасын әбден тазартқаннан кейін микроскоп орындығына орналасты- рып, ортаңғы алаңның үстіндегі торды табады. Одан кейін каме- раны микроскоптан алып, торды жабынды әйнекпен жабады. Нәтижесінде тордың екі жақ бүйірінде ашық алаң пайда болады. Бұл алаң камерадағы торды қанмен толтыру үшін қажет. Енді камераны қайтадан микроскопқа бекітеді. Меланжердегі сұйық- ты араластырғаннан кейін, оның бір тамшысын камера бүйірін- дегі ашық алаңға тамызады. Ортаңғы алаң екі шеткі алаңнан 0,1 мм аласа болғандықтан, сұйық торлы аймаққа капиллярлық тар- тылыс күші бойынша тегіс жайылады (29-сурет).
Эритроциттерді санау (30-сурет). Камераны зарядтағаннан кейін эритроциттер толық отыру үшін 3-5 минут тосады. Эритро- циттер орналасқан торды, алдымен, микроскоптың кіші үлкейткі-
шімен қарап, одан кейін үлкен көрсеткішіне (ОК.7 х , 0б.40 х) ауыс- тырып эритроциттерді санайды.
а)