Жұмыстың мақсты: өкпеге түсетін ауа көлемін тіркеу әді- сімен танысу. Қалыпты және түрлі қарқындылықтағы жүктеме кезіндегі ӨТС көлемін анықтау.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: спирометр, мундш- тук, секундомер, метроном, биіктігі 20 см орындық, спирт, мақта.
сурет. Өкпенің көлемдері мен сыйымдылықтары
Жұмыстың барысы: спирометрді жұмысқа дайындау. Ол үшін кіші цилиндрдің жоғарғы жағындағы тығынды ашып, спи- рометрдегі ауаны шығарады да көрсеткішті 0-ге қояды; мундш- тукты спиртпен сүртеді. Тексерілушіні ыңғайлы етіп отырғыза- ды, 10-15 минуттан кейін тұрғызады да ішке терең дем алдыра- ды, одан әрі мундштук арқылы спирометрге барынша терең дем шығарады. Шыққан ауаның мөлшерін белгілейді. ӨТС анық- тайды. Зерттелушіге 20 см биіктіктегі орындыққа көтеріліп, тү- суге ұсыныс жасайды. Орындалатын жұмыстың ұзақтығы – 10 минут, жылдамдығы – минутына 40 қозғалыс. Жүктемеден кейінгі ӨТС өзгеруін бақылау. 30 минут үзілістен кейін тексері- лушіге қарқындырақ жұмыс ұсынады, ол үшін биіктікке 1 ми-
нутта 120 рет көтерілу қажет және ол 3 минутқа созылады. Одан кейін ӨТС анықтайды.
Жұмысты қорытындылау:алынған нәтижелерді кестеге түсіру. Әртүрлі қарқынды жұмыстан кейінгі ӨТС деңгейін са- лыстыру. Мына сұрақтарға жауап қайтару: 1. ӨТС деген не? Оның деңгейі неге байланысты? 2. Барынша қатты дем шығар- ғаннан кейінгі өкпеде қалатын ауа қалай аталады? Оның көлемі неге тең?