З. К. Сарина Қалижан Бекхожин 3 9 «А» Р.Қ. Жайдақбаева Мәшһүр Жүсіп Көпеев 4 5



бет4/5
Дата05.06.2017
өлшемі0,83 Mb.
#17926
1   2   3   4   5

Осы күні қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.К.Алекпарова 3 «Б» сыныбында «Апта күндері» атты ашық сабақ берді. Сабаққа мектеп директоры Б.Ж.Омарова, оқу ісінің меңгерушісі Р.Б.Базилова, тәрбие ісінің меңгерушісі Р.Қ.Жайдақбаева, Ә.Ж.Уныйбаева, Г.М.Мусагажинова, Р.Т.Асылханова, А.А.Бережная, А.Т.Темірбекова қатысты. Сабақтың басы апта күндері туралы ағылшын тілінде видеороликтен басталды. Мұғалім үштілділікті қолдануды ойластырған. Сабақ барысында грамматикалық талдауларға көп көңіл бөлінген, оның ішінде септік жалғау, көптік, тәуелдік, фонетикалық талдаулар. Бағалау парағы бойынша әлі де жұмыс жасауды қажет етеді.

Апталықтың бесінші күні Р.Қ.Жайдақбаева «Ананың анасы» тақарыбында 7 «А» сыныбында ашық сабақ берді. Сабаққа мектеп директоры Б.Ж.Омарова, оқу ісінің меңгерушісі Р.Б.Базилова, тәрбие ісінің меңгерушісі Р.Қ.Жайдақбаева, Ә.Ж.Уныйбаева, Г.М.Мусагажинова, Р.Т.Асылханова, А.А.Бережная, А.Т.Темірбекова қатысты. Сабақтың басы үй жұмысын тест сұрақтарына жауап беру арқылы тексерілді. Жаңа тақырып Bilimland сайтынан бейнематериал мен тапсырмалар және тест жұмысын оқушылар жоғары белсенділікпен орындады. Сабақта қолданылған тапсырмалар: оқулықпен жұмыс, семантикалық карта, өлеңдерді талдау және т.б.сабақ соңында оқушылар өздеріне лайықты бағаларын қойып, сабақтан алған білімдерін жинақтап айтты. Сабақ өз мақсатына жетіп, жақсы бағаланды.


«Әдебиет-өнердің бір саласы» атты әдеби кешін оқыту орыс тілінде жүргізілетін 6,7,8 сыныптарында А.К.Алекпарова өткізді. Сонымен қатар, «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» сайысын 5-6 сыныптар арасында Ә.Ж.Уныйбаева өткізді. Оқушылар қазақ тілі пәнінен барлық меңгерген білімдерін көрсетіп, бақтарын сынады. Топты жарып шығып, өз білімдерімен ерекше көзге түскен балалар дипломдар мен тәтті сыйлықтармен марапатталды. Осы күнді өзге ұлт өкілдері мұғалімдер арасында «Тіл-достықтың құралы» сайысы аяқтады. Бұл сайысқа бастауыш сынып мұғалімдері А.В.Гайсина, О.В.Куприна, Н.В.Бауэр және мектеп психологы А.А.Бережная белсенді түрде қатысты. Мемлекеттік тілден білімдерін көрсетіп, сайыстан мүдірмей өтіп, І орынға ие болған А.В.Гайсина, ІІ орын- О.В.Куприна, ІІІ орын - Н.В.Бауэр, А.А.Бережная.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет