Апталықтың соңғы күні салтанатты жабылу кешінде апталыққа белсенді қатысқан барлық оқушылардың есімдері аталып, дипломлар мен алғыс хаттар берілді. Сонымен қатар, апталық бойы «Қазақша сөйлейік» науқаны өткізілген болатын. Осы науқанға белсенді түрде қатысып, күнде қазақша сөйлесіп, ерекше көзге түскен 7 «Б» сынып оқушысы Колегов Асманды тәрбие ісінің меңгерушісі Р.Қ.Жайдақбаева өз атынан үш күнге тегін тамақтануға анықтаманы сыйлап, басқа оқушыларға үлгі ретінде көрсетті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың мемлекеттік тілді жетік меңгеріп білуіне көңіл бөліп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздық қабілеттерін оята білді.
Қорыта келгенде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы белгіленген жоспар бойынша жоғары деңгейде өткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестіктің жетекшісі: Ә.Ж.Уныйбаева
Достарыңызбен бөлісу: |