З. Н салимбаева, Ж. К. Ракижанова, кеуекті толықтырғыштардың технологиясы 050730- «Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдарды өндіру»



бет14/15
Дата18.12.2022
өлшемі1,63 Mb.
#163174
түріНұсқаулар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
кеуекті толықтырғыштар технологиясы

15.5 Шешімдерін өңдеу
Сынақтың нәтижесі бойынша ерітінді үшін су-цементті қатынас(В/Ц)р пен цементті қамыр(В/Ц)т үшін конустың жайылуына байланысты график тұрғызылады. Осы график бойынша конустың жайылуы 170мм-ге сәйкес (В/Ц)р және (В/Ц)т анықтайды.
Процент бойынша құмның су қажеттілігін мына формуламен анықтайды:

2,3 – ерітіндідегі құм мен цементтің абсолютті көлемдерінің қатынасы.

16 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


«ПАРАФИНДЕУ АРҚЫЛЫ КЕСЕК ТОЛЫҚТЫРҒЫШТЫҢ ЖЫЛУ ӨТКІЗГІШТІГІН АНЫҚТАУ»




16.1 Әдістің мәні
Әдіс кесек толықтырғыштың жылу өткізгіштігін парафиннің жылу өткізгіштігі мен оның негізіндегі композициялық материалдың есептік жолын анықтауына негізделген.


16.2 Аппаратура
ГОСТ 23676-79 бойынша статикалық өлшеуге арналған таразы.
ГОСТ 16.0.801.397-87 бойынша кептіргіш электрошкаф.
ГОСТ 3584-73 бойынша тесіктері 5, 10, 20 и 40 мм елеуіш.
ГОСТ 14919-83 бойынша электрлі пеш.
ГОСТ 27543-87 бойынша сынапты термометр.
ГОСТ 310.4-81 бойынша штангенциркуль.
Үшбұрышты сызғыш.
ГОСТ 22685-77 бойынша өлшемі 25´25´5 см үлгілер үшін форма.
ГОСТ 7076-78 бойынша жылу өткізгіштікті сынауға арналған құрылғы.
ГОСТ 23683-79 бойынша мұнайлы қатты парафин.


16.3 Үлгіні дайындау
Көлемі 10л сыналатын фракциялы кесек толықтырғыш үлгісін алады, 105-110°С температурада қалыпты массаға дейін кептіретін кептіргіш электрошкафқа салады.


16.4 Шешімін өңдеу
ГОСТ 7076-78 бойынша парафиннің тығыздығы мен жылу өткізгіштігін анықтайды. Композициялық материалды, өлшемі 25х25х5 см үш үлгіні дайындайды. Ол үшін сыналатын толықтырғыш үлгісін алдын-ала өлшенген формаға салады, артық толықтырғышты алып тастап, толықтырғышы бар форманы өлшейді. 55-60°С-қа дейін қыздырылған, сұйық парафинді үстіне құяды. Қатқаннан кейін үлгілерді ажыратады, өлшемін анықтайды, тарзыға өлшейді және ГОСТ 7076-78 бойынша жылу өткізгіштігін анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет