З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет80/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   97
Байланысты:
Академ

12.3 Библиографиялық тізім 
Библиографиялық тізім
мәтіннің маңызды бөлігі, осы тізім бойынша 
зерттеуге баға беру басталады. Қарастырылып отырған мәселе бойынша сізге 
дейінгі зерттеулер міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Кейбір зерттеушілер библиографиялық тізімге осы тақырып бойынша 
оқыған әдебиетінің барлығын кіргізуге тырысады. Бұл, бір жағынан, жақсы. 
Екінші жағынан, жаман. 
Жақсысы
сіздің осы тақырып бойынша 
зерттеулермен таныс екеніңізді көрсетеді, 
жаманы
– сіз көрсеткен 
дереккөздің барлығы нақты осы мәселеге тікелей қатысы болмауы мүмкін. 
Сол себептен библиографиялық тізімге зерттеу кезінде нақты қолданылған 
ғылыми, статистикалық және басқа да дереккөздер енгізілгені дұрыс. Қажет 
деп санасаңыз, жұмысыңызда нақты қолданылмаған, дәйексөз келтірілмеген, 
бірақ сіздің қандай да бір идеялық ұстанымдарыңызды көрсететін 
дереккөздерді беруіңізге болады.
 
 
12.4 Өзге академиялық еңбектерді қолдану 
Академиялық жазылымның басты талаптарының бірі – өзге еңбектерді 
қолданғанда сілтеме келтіру. Бұл плагиаттан сақтанумен қатар, студенттің 
тақырып бойынша өзге авторлардың пікірлерімен таныс екенін және 
қаншалықты сенімді пікірлер жинай алғанын көрсетуге мүмкіндік береді. 
Сондай-ақ жұмыстың салмағын арттыра түседі. 


159 
Жалпы, сілтеме келтірудің түрі көп. Дегенмен дереккөздерді әдебиеттер 
тізімінде көрсету бәріне ортақ талап болып есептеледі. Негізінен, 
сілтеме 
жасаудың екі түрі бар.
Бірінші, 
мәтін ішінде авторын және дереккөзінің жарияланған жылын 
көрсету 
(9-кестені қараңыз). Бұл жүйеде, алдымен, автордың тегі беріліп, 
содан кейін еңбектің шыққан жылы жақша ішінде беріледі. Бұл оқырманның 
автордың кім екенін және еңбектің қаншалықты жаңа екенін бірден байқауына 
мүмкіндік береді. Ал қолданылған әдебиет жазба жұмысының соңында автор 
тегі бойынша алфавиттік жүйемен ресімделеді. Мысалы, Гарвард және АРА 
стильдерінде осы жүйе басшылыққа алынады. 
9-кесте. Мәтін ішінде авторы мен дереккөздің жарияланған жылының 
көрсетілуі 
Мәтін ішінде 
Қолданылған әдебиеттер 
тізімінде 
Сондықтан 
кейбір 
ғалымдардың 
(Ильин, 2007) пікірінше, жалқаулық адам 
ағзасына демалыс қажет болғанда пайда 
болады. Мәселен, М.Берендеева (2004) 
еңбекқор адамдарды бақылай отырып, 
олардың шаршаған кезінде ағзаларының 
жұмыс жасаудан бас тарта бастайтынын 
анықтап, жалқаулықты ағзаның өзін-өзі 
қорғау реакциясы деп көрсетеді. 
Берендеева М. (2004) Лень – 
это полезно: Курс выживания 
для 
ленивцев. 
– 
Москва: 
Книжкин дом, Эксмо, 2004.
– 74 c. 
Ильин Е. (2007) Работа и 
личность. Трудоголизм, пер-
фекционизм, лень. – Алматы: 
Таймас, 2007. – 592 c. 
Екінші, 
мәтінде қолданылған әдебиеттің реті бойынша нөмірлік үлгіде 
сілтеме жасау 
(10-кестені қараңыз). Бұл жүйе бойынша мәтінде қолданылған 
әдебиеттің ретіне қарай тік жақша ішінде нөмірі беріледі. Осы реттік нөміріне 
қарай қолданылған әдебиеттер тізімінен дереккөзді тауып алуға болады. Бұл 
жазылым барысында қолданылған әдебиеттерді ретімен қолдана білуге және 
табуға өте ыңғайлы. Бірақ мәтін ішінде автордың аты-жөні берілмей сілтеме 
жасалған жағдайда және шыққан жылын білу үшін қолданылған әдебиеттерді 
қарауға тура келеді. Қазақстанда қабылданған ГОСТ 7.1-2003 ережесі және 
көптеген білім беретін мекемелер мен ғылыми жұмыстарды жариялауға, 
басуға қабылдайтын орындардың басым көпшілігі осы жүйені негізге алады. 
10-кесте. Мәтінде қолданылған әдебиеттің реті бойынша нөмірлік үлгіде 
сілтеме жасалуы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет