Алдымен тұндыру индикаторының қолдану мүмкiндiгiн анықтайды. Ол үшiн ВInd тұнбасы түзiлуiне қажеттi титрант концентрациясын есептейдi. Бұл концентрацияны титрантты индикаторлық концентрациясы деп атайды, титранттың индикатормен тұнбасының ерiгiштiк көбейттiндiсiнен есептейдi:
В+ + Ind- → ВZnd(қ);
ЕК(Вind) = [B+] ∙ [Ind-];
B+инд = EKВind / [Ind-]
Есептелген индикаторлық концентрация ([B+] инд) мәнi , оның э/н-дегi концентрациясынан ([B+] э/н) көп болуы, ал секiріс аралығындағы концентрациядан ([B+]сек) аз болуы керек:
[B+]экв < [B+]инд < [B+]сек ;
[B+]экв, [B+]сек мәндерiн анықталатын заттың титрантпен тұнбасының ЕК(АВ) мәнiнен есептеп, табады.