Тұндыру индикаторлары титрантпен түсті тұнба түзеді, осы уақытта титрлеуді тоқтатады. Мұндай жағдайда екі талап орындалуы тиіс:
а) Титрант ерітіндісінің (В) индикаторымен Ind- тұнбасы анықталатын затпен (А) түзген тұнбасы қарағанда жақсы еритін болуы керек, яғни
ЕК(ВInd) > ЕК(АInd);
егер, А + В → АВ↓ болса, онда НInd → H+ + Ind-
б) Индикатормен тұнба секiріс аралығында түзiлуi керек. Егер бiрiншi талап орындалмаса, онда титрант индикатормен түстi қосылысты титрлеудiң бастапқы уақытында түзедi де, индикатор жарамсыз болады. Егер екiншi талап орындалмаса, қателiктер жоғарылап кетедi, себебi э/н анықтау титранттың өте көп мөлшерiн артық қосып, секiріс мәнi аралығынан шығып кеткен моментке тура келедi.