Заголовок презентации



бет3/12
Дата11.05.2022
өлшемі6,6 Mb.
#141947
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Лекция 13. Тұндыру әдістері

Тұндыру әдістерімен аниондары титрантпен тұнба түзетін қосылыстарды анықтауға болады: - күміс Аg+ + Вr- ↔ AgВr↓ - сынап (І) Hg22+ + 2Сl- ↔ Hg2Cl2↓ - барий Ва2+ + SO42- ↔ BaSO4↓ - қорғасын Pb2+ + CrO42- ↔ PbСrO4↓ - мырыш 3Zn22+ + 2К+ + 2[Fe(CN)6]22- ↔ Zn3К2[Fе(СN)6]2↓  Көбірек қолданатыны күміс тұздарымен нашар еритін қосылыстар түзу реакцияларына негізделген әдістер: Аg+ + Наl- ↔ AgНаl↓ мұндағы , Наl- - Сl, Br -, I – және т.б. Бұл әдісті аргентометрия әдісі деп атайды.

  • Жіктелуі:
  • Аргентометрия – титрант AgNO3; Оның көмегімен бейтарап және әлсіз сілтілік ерітінділерде СІ-, Вr- және J- иондарының мөлшерін күміс ионымен тұндыру арқылы анықтайды.
  • Тиоцианатометрия – титрант NH4SCN н/е родонидометрия - титрант КSCN; Бұл әдіспен де СІ- және Вr- иондарын, тек қышқыл және сілтілік ортада ғана анықтауға болады. Роданометрия (тиоцианометрия) − тура титрлеу тәсілімен күміс тұздары немесе кері титрлеу тәсілімен галогенидтер анықталады.
  • Меркурометрия – титрант ретінде Нg (I) тұзы Hg2(NO3)2);
  • Бариеметрия – титрант Ba(NO3)2 н/е сульфатометрия – H2SO4;
  • Гексацианоферратометрия – титрант K4[Fe(CN)6]. Zn2+ иондарын анықтайды.
  • Титриметриядағы тұнба түзілу реакцияларына қойылатын талаптар:
  • а). Титриметрияда пайдаланылатын реакциялар жоғары жылдамдықпен, толық жүруі тиіс және түзілген тұнба титрлеу барысында ерімеуі керек (ЕК ≤ 10-10).
  • б). Реакция қосымша процестерсіз және теңдеуге сай жүруі керек;
  • титрлеу кезінде адсорбция және қоса тұну процестері өте аз болуы керек н/е анықтаудың нәтижесіне әсер етпеуі тиіс.
  • в). Тұнбаның құрамы өзгермеуі тиіс.
  • г). Эквиваленттік нүктені анықтау мүмкіндігі болуы керек (индикатор таңдау).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет