Титрант пен анықталатын компонент арасындағы ион-алмасу реакциялары нәтижесінде нашар еритін қосылыстар түзілу процестеріне негізделген тәсілдер тұндырудың титриметриялық әдістері деп аталады.
Тұндыру арқылы титрлеу әдістерін бейорганикалық қосылыстарды (галогенидтерді, цианидтерді, тиоцианаттарды, күмістің ерігіш тұздарын (AgNО3)) анықтауда қолданылады. Сондай-ақ көптеген дәрілік препараттардың анализінде қолданады (димедрол гидрохлориді, бромкамфор, новокаин гидрохлориді және т.б.).