Сынап (ІІ) тұздарының концентрациясын анықтау үшін;
Фольгардтың кері титрлеу тәсілі.
Бұл тәсілмен галогенидтерді және тиоцианаттарды анықтайды.
Зерттелетін ерітіндіге титрі анықталған AgNO3 ерітіндісінің белгілі көлемі қосылады (артық мөлшерде), әрекеттеспей қалған AgNO3 артық мөлшерін Fe(III)-иондарының қатысында және қышқыл ортада NH4SCN ерітіндісімен титрлейді, ерітінді қызғылт түске боялғанша:
Fe3+ + 3SCN- = Fe(SCN)3
титрлейтін колбада – AgNO3 ерітіндісі және Fe(III), не темір-аммоний ашудасын құяды, ал бюреткада – 0,05н NH4SCN ерітіндісі болады.
Тиоцианометриялық әдіс хлорид, бромид, йодидтерден және күміс иондарынан басқа иондарды да анықтауға болады.
Қышқыл ерітінділерде титрлеуге болады (AgSCN-і қышқылдарда ерімейді). Бұл қышқылдарда еріп кететін күміс балқымаларының анализінде өте тиімді.
Мор әдісінде кедергі келтіретін бөгде иондар (Ва2+, Pb2+, Bi3+ және т.б.) Фольгард әдісінде кедергі келтірмейді, яғни бұл иондар қатысында анықтау жүргізе беруге болады.
Фаянс әдісі – ерітіндідегі тұнба түзетін иондарды таңдай адсорбциялануына негізделген әдіс.
Галогенидтерді анықтауға олардың нашар еритін сынапты тұздарын алу реакцияларын да пайдалануға болады: Hg2CI2, Hg2I2 т.б. (меркурометрия).
Титриметрияда Zn2+ иондарын K4[Fe(CN)6] ерітіндісімен тұнбаға түсіру K2Zn3[Fe(CN)6]2 реакциясы да пайдаланылады. Кейде SO42- иондарын анықтауға BaSO4 тұнбасын алу реакциясын пайдалануға болады, бірақ қоса тұну нәтижесінде тұнба ластанып, анықтау қатесі ~3% шамасында болады.