|
Тиоцианометриялық н/е роданометриялық әдіс
|
бет | 11/12 | Дата | 11.05.2022 | өлшемі | 6,6 Mb. | | #141947 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: Лекция 13. Тұндыру әдістеріТиоцианометриялық н/е роданометриялық әдіс. - Жұмысшы ерітінді - КSCN, NH4SCN (0,1н не 0,05н)
- Анықтайтын ион - Ag+
- Металл-индикатор - NH4[Fe(SO4)2] ∙ 12H2O темір-аммоний ашудасы (Fe3+ ионы)
- Титрлеудің түрі – тура, кері титрлеу;
- Титрлеу ортасы – рН < 7 (азот қышқылы қатысында, гидролизді болдырмау үшін);
- Hg2+, Cu2+ иондары kедергі келтіреді, олар SCN–-мен тұнба түзіп кетеді және SCN–-ионын бұзатын тотықтырғыштар қатысында титрлеуге болмайды.
- Аммоний тиоцианатының стандартты ерітіндісі алдымен күміс иондарымен әрекеттесіп, нашар еритін күміс тиоцианатын түзеді:
- Ag+ + SCN– → AgSCN↓; Кs(AgCNS) = 1,1 ∙ 10-12.
- Титрлеудің соңғы нүктесінде титранттың артық мөлшері Fe3+ -мен әрекеттесіп, ерітіндіні қызыл түске бояйды.
- Fe3+ + 3SCN– → [Fe(SCN)3] -титрлеудің аяқталу моментін анықтау. Кs(Fe(SCN)3) = 4∙ 10-2.
|
|
|