137
МУЗЫКА АРҚЫЛЫ ЖАСЫРЫН
ЖОЛДАУЛАР!
Бұл мақаладан сіз өзіңіз сүйіп тыңдап
жүрген сондай мейірімді, ақкөңіл болып
көрінгілері
келетін
әнші,
жұлдыз
сымақтардың шынайы бет бейнелері туралы
білетін боласыз.
Музыка әрдайым адамдарға шабыт беретін
керемет құрал секілді. Танымалдылыққа
қарай ұмтылған әр әншінің өмірлері керемет
бақытқа толы сияқты көрінеді.
Шынында да
солай ма?! Еліктеу - бұл адам бойындағы
қызығу түйсігі. Сіз бұдан құтыла алмайсыз,
тек оны дұрыс, жақсы істерге пайдалануыңыз
керек. Мысалы, жақсылық жасау, адамдарға
138
риясыз көмектесу, қоғамның игілігі үшін
қызмет ету, адалдық, жауапкершілік,
ар-ұят
сияқты қасиеттерге ие болу, жалпы алғанда
нағыз адамгершілік деген қасиетті бойға
енгізу. Себебі осы қасиет адамдар арасында
кеңінен етек алса, дінсіздер мен зұлым
күштердің
жасап жатқан жоспарлары еш
кетеді. Және бұл қасиет бүкіл қоғамға
жағымды әсер ететіні сөзсіз. Дәл осы қасиетке
біздің Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі
мен сәлемі болсын) тәрбиелеген еді. Біздің
көшбасшымыз Пайғамбарымыз, оның жолы
және өмірі. Біздің ұстанымымыз – Шариғат,
ал дініміз – Ислам. Сонымен қатар біздің
жауымыз да бар. Ол - шайтан.
Екі ел
соғысарды біріне-бірі жау болады. Соғыс
аяқталып, біраз уақыт өте келе екі ел бейбіт
келісімге келіп, өшпенділікті ұмытулары
мүмкін. Екі отбасы қатты араздықпен
өштескен болса, уақыт өте келе ұрпақтары
татулық шеңберінде күн кешулері әбден
мүмкін. Ал адамзат баласы өмір сүруін
139
бастағаннан
бері оған өшіккен шайтан
ешқашан бізге дос болмақ емес. Ол қияметке
дейін соңынан еретін тозақи адамдарды
жинаумен болады. Оларды Алланың таза,
шынайы бақытқа толы жолынан адастырып,
өзінің азғын, лас жолымен жүруге азғыратын
болады. Адамдарды мәңгілік азапқа душар
еткісі келетін бұл қандай залым десеңші. Ол
өзінің
жолын сондай жеңіл, қызық, нәпсіге
жағарлық бояулармен безендірген. Адамды
адастыруда шайтанның қолданатын бірден бір
құралы ол – музыка, ән, би.
Өкінішке орай, қазір жұлдыздардың
бүгінде
нені
насихаттайтыны
туралы
140
ойлайтындар өте аз. Олардың бейнелерінде,
сахналарда азғындық, пен ұятсыздықты
жарнамалап
жатқанында ешкімнің жұмысы
жоқ. Олар шынымен сахнада кісі өлтіруді,
зорлық-зомбылықты,
есірткіні,
ішімдікті
дәріптейді... Қоғамда алқаштар, нашақорлар,
зинақорлардың
пайда
болуына
осы
музыканттардың қосар үлесі зор. Біз бір
жұлдызды жақсы көруіміз мүмкін. Ал егер
біздің бір жақынымыз ішімдікке салынып
немесе нашақорлықпен
айналысып кетсе біз
сол
жақынымызды
табалаймыз,
оны
жазғырып, тіпті соққыға жығып та жатамыз.
Ал біздің сол жақсы көрген жұлдызымыз
«есіркі, арақ, ішімдік» деп, әндетіп жатқанына
мән де бермейміз. Шындығында сіздің
жақыныңызды сондай жолға түсірген адамдар
сол сіз сүйіп тыңдап жүрген әнші сымақтар.
Адамдар көбіне жарнамаға өте еліктегіш
болып келеді. Соны ескере отыра залымдар
адамның миы музыканыың ритміне қандай
реакция
беретінін зерттеп, соған сай түрлі