Zanmedia. Kz қоғамдық-саяси, құқықтық газет



Pdf көрінісі
бет12/37
Дата18.06.2022
өлшемі1,02 Mb.
#146738
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37
Байланысты:
ZG2022-7

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, 
«Заң газеті»
2030 
жылға дейін әлемдегі бәсекеге 
қабілетті – 50, ал 2050 жылға қа-
рай – озық 30 елдің қатарына қосылуды алдына 
стратегиялық мақсат етіп қойған Қазақстанда 
бүгінде ешкімді, ешнәрсемен таңғалдыру қиын. 
Кейбір рейтингтерде Орталық Азия мен ТМД 
елдері арасында ғана емес, бүкіл әлем бой-
ынша үздіктер қатарында тұрған Қазақстанның 
жетістігі барлық уақытта бірдей көз қуантып
көңіл сүйіндірмейді. Мәселен, Егеменді әл-ауқат қоры институтының (SWFI) 
әлемдегі ең ірі 100 егеменді әл-ауқат қорларының жиынтық активі бойынша 
рейтингінде республикадағы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры – 23, 
Қазақстан ұлттық қоры – 24 орында тұр. 
Әзімхан САТЫБАЛДИН ҚР БҒМ Экономика институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдары
-
ның докторы: 
– «Самұрық-Қазынаны» реформалау туралы алғаш рет оны Өмірзақ Шүкеев басқарып тұрған кезде айтылды. 
Сол кезде бәрі жақсы басталып, шетелдегі керегі жоқ құрылымдар жабылған еді. Оның аяғы не боп кеткенін өз 
басым білмеймін. Одан кейін қорды Ахметжан Есімов басқарған кезде табысы біраз көтерілді. Енді тағы да қорды 
реформалау бойынша жұмыс басталып жатыр. Әзірге оның қалай жүзеге асатыны белгісіз. «Самұрық-Қазына» 
мемлекет ішіндегі кіші мемлекет сияқты болды ғой бізде әрдайым. Мемлекетіміздің қазынаға қаржы түсіретін 
салаларының бәрі сонда. Тек шағын және орта бизнес пен ауыл шаруашылығы ғана Үкіметте қалды. 
Әрине, «Самұрық-Қазына» белгілі бір деңгейде өз міндеттерін орындады. Ондағы түйткілді мәселе меніңше 
оның акционерлік қоғам болуында. Заң бойынша 100 пайыз акциясы үкіметте болғанымен, олар мемлекеттік мен-
шіктегі кәсіпорын болып саналмайды. Сондықтан да ондағы мәселенің бәрі үкімет пен қордың арасындағы қатына-
стар қалай болды дегенге келіп тіреледі. Түскен қаржы қанша пропорцияда бөлінді. Қордағы таза табыстың қалай 
бөлінгені ашық болған жоқ, оны ешкім білген жоқ. Мемлекет басшысы «Егер қорды реформалау мүлдем мүмкін болмаса, ондай құрылымның 
экономикамызда болмағаны жөн» деп ашық айтты ғой. Оның екі жағы бар. Керегі жоқ дейін десең экономиканың тірегі болып тұрған ұлттық 
компаниялар әр министрлікте қалса оларды басқару үшін бәрібір кішкентай «самұрықтарды» ашу керек болады. Оларды тиімді басқару үшін 
«Самұрық-Қазынаны» сақтап қалған дұрыс па, әлде әрбір компания үшін жеке-жеке басқарушылар керек пе дегенді зерттеу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет