2.Тотықтырғыштардың әсері
Бромид иондары тотықтырғыштардың әсерінен қышқыл ортада бос бромды түзіп, хлороформды қабатты сары түске бояйды:
2Вr- +2е- ↔ Вr2
Сl2 -2е- ↔ 2Сl-2Вr- +Cl2 → Вr2 + 2Сl
|
1
1
|
Иодид иондарының реакциялары
1.Күміс нитратының ерітіндісінің әсері
Иодид иондары күміс иондарымен сары түсті Agl тұнбасын түзеді:
2.Қорғасын тұзының әсері
Иодид иондары қорғасын иондарымен сары түсті РЫ2 тұнбасын түзіп, қыздырғанда ериді:
3 Тотықтырғыштардың әсері
Тотықтырғыштардың әсерінен иодид иондары бос иодқа дейін тотығып, иод хлороформ қабатын күлгін түске бояйды:
С12 +2е- ↔ 2СI-
2I- -2е- ↔ I2
|
1
1
|
С12 + 2I- → 2С1- + I2
|
|
Хлорсутекті қосқанда қызыл-күлгін түс жойылып кетеді:
I2 + 6H2O -10e- ↔ 2IO3- + 12H+
Cl2 +2e- ↔ 2Сl-
|
1
5
|
I2 + 6Н2О + 5С12 → 2IO3 + 12Н+ + 10С1
NO2- және Fe3+- иондары I- иондарын бос иодқа дейін тотықтырады:
|
NO2 + 2H++e- ↔ NO↑ + H2O
2I- -2e- ↔ I-
|
2
1
|
|
|
2NO2- + 4H+ + 2I- → 2NO↑ +2H2O
|
|
Fe3+ +e- ↔ Fe2+
2I- -2e- ↔ I-
|
2
1
|
|
2Fe3+ + 2I- → 2Fe2+ + I2
|
|
Сульфид-ионының реакциялары
1.Күміс нитраты ерітіндісінің әсері
Сульфид иондары күміс ионымен қара Ag2S тұнбасын түзеді:
2.Қышқылдардың әсері
Қышқыл сульфиттерге әсер еткенде күкіртсутек түзіледі, оны иісі бойынша немесе қорғасын тұзына салынған сүзгі қағаздың қараюы арқылы анықтайды:
S2- + 2Н+ ↔ H2S↑,
H2S + Pb2+ ↔ PbS↓ + 2H+.
|
3.Натрий нитропруссидінің Na2[Fe(CN)5NO]әсері
Сульфид-иондары натрий нитропруссидімен рН>7 қызыл күлгін комплексті қосылыс түзеді:
S2- + [Fe(CN)5NO]2- ↔ [Fe(CN)5NOS]4-.
|
4.Кадмий тұздары ерітіндісінің әсері
Сульфид-иондары кадмий иондарымен сары түсті CdS тұнбасын түзеді:
14.4 Үшінші аналитикалық топтың аниондарының реакциялары
Нитрат иондарының реакциялары
1. Темір (II) тұздарының әсері
Нитрат иондары Fe2+ иондарымен концентрленген күкірт қышқылының қатысында сүзгі қағазының бетінде қоңыр түсті сақина [Fe(NO)]SO4 түзеді:
Fe2+ +e- ↔ Fe3+
NO3- + 4H+ -3e- → NO↑ + 2H2O
|
3
1
|
3Fe2+ + NO3- + 4H+ → 3Fe3+ + NO↑ + 2H2O
SO42- + Fe2+ + NO → [Fe(NO)]SO4-2
|
|
2. Дифениламин ерітіндісінің әсері
Нитрат иондары дифениламинді тотықтырады да, көк түсті қосылыс түзеді:
Тотықтырғыштар (NO2-, СrО42-, МnО4-) NO3- -иондарын бұл реакциямен анықтауға кедергі жасайды.
Нитрит иондарының реакциялары
1. Қышқылдардың әсері ( фармакопеялық реакция )
Нитрит иондары күшті қышқылдармен тұрақсыз азотты қышқылын түзеді. Ол азот (II) және (IV) оксидтеріне және суға ыдырайды:
2NO2- + 2Н+ ↔ 2HNO2,
2HNO2 → NO2↑ + NO↑ + H2O.
|
2.Калий иодидінің әсері
Нитрит иондары минералды қышқылдар мен хлороформда иодид иондарын бос иодқа дейін тотықтырады да, хлороформ қабаты күлгін-қызыл түске боялады:
NO2- + 2Н+ +e- ↔ NO↑ + Н2О
2I- -2e- ↔ I2
|
2
1
|
2NO2- + 4Н+ + 2I- → 2NO↑ + 2Н2О + I2
|
3. Антипирин ерітіндісінің әсері
Нитрит иондары антипиринмен қышқыл ортада реакцияласып, жасыл түсті нитрозоантипирин түзеді:
4. Калий перманганатының әсері
Нитрит иондары қышқыл ортада калий перманганатын түссіздендіреді:
МnО4- + 8Н++5е- ↔ Мn2+ + 4Н2О
NO2- + Н2О-2е- ↔ NO3- + 2Н+
|
2
5
|
-
2МnО4- + 6Н+ + 5NO2 → 2Мn2+ + ЗН2О + 5NO3-
|
5. Аммоний хлоридінің әсері
Нитрит иондары кристалдық аммоний хлоридімен әрекеттесіп, қыздырған кезде N2↑ газын түзеді:
2NO2- + 8Н++6е- ↔ N2↑ + 4H2O
2NH4+-6е- ↔ N2↑ + 8Н+
|
1
1
|
Бұл реакцияны нитрит иондарын нитрат иондарынан бөліп алу үшін қолданылады.
Ацетат ионының реакциялары
1.Қышқылдардың әсері
Ацетат иондарына минералды қышқылдармен әсер еткенде иісі арқылы анықтауға болатын СН3СООН қышқылын түзеді:
2.Этерификация реакциясы
Ацетат иондары концентрленген қышқыл мен этил спиртінің қатысында қыздырғанда иісі бар этилацетат түзіледі:
СН3СОО- + Н+ ↔ СН3СООН,
конц. H2SO4, ∆
СНзСООН + С2Н5ОН СН3СООС2Н5 + Н2О.
|
3.Темір (III) хлоридінің ерітіндісінің әсері
Ацетат иондары темір (III) иондарымен қызыл түсті комплексті тұздың тұнбасын түзеді:
Fe3+ + 9СН3СОО- + 2Н2О ↔ [Fe3(OH)2(CH3COO)6]CH3COO↓ + СН3СООН
|
Кейбір кездерде аниондарды анықтағанда бір-біріне кедергі жасайды. Бұл мына жағдайларда болады:
1 – NO2-, NO3-,
2 – SO42-,SO32-, S2O32-, S2-,
– CI-, Br -, I-,
– AsO33-, AsO43-, PO43-.
|
Нитрит иондары нитрат иондарын анықтауда кедергі жасау себебі нитрат иондарын концентрленген күкірт қышқылының қатысындағы темір (Ш) сульфатымен анықтайды. Концентрленген күкірт қышқылы мен суға бөліну кезіндегі қоңыр түсті сақина [Fe(NO)]SO4 түзілуіне әсер етеді. Негізгі реакция NO3- -тің NO дейін тотықсызданып Fe2+ иондарымен әрекеттесіп комплексті қоңыр түсті [Fe(NO)]SO4 түзуі:
Fe2+-e- ↔ Fe3+
NO3-+3е- + 4Н+ ↔ NO↑ + 2Н2О
|
3
1
|
-
3Fe2+ + NO3- + 4Н+ → 3Fe3+ + NO↑ + 2Н2О
Fe2+ + NO↑ + SO42- ↔ [Fe(NO)]SO4.
|
Реакцияның жүру шарттары:
FeSO4 жеткілікті болуы қажет, себебі NO3- ионын NO-ға дейін тотықсыздыруға және NO-мен әрекеттесіп, [Fe(NO)]SO4 түзілуіне жұмсалады. Жеткіліксіз жағдайда Fe2+ комплексті қосылыс түзілмейді.
Көрсетілген реакция тек концентрленген күкірт қышқылының қатысында жүреді.
Реакцияға I- және Вr- қатыспауы керек бұлар концентрленген күкірт қышқылымен Вr2, I2 түзілгенше тотығып, қоңыр немесе қызыл-қоңыр сақина түзеді.
Реакцияға NO2- қатыспауы керек, ол Fe2+ иондарымен NO3- ионы сияқты реакция жүреді, бірақ тек концентрленген күкірт қышқылымен емес сонымен қатар сірке қышқылымен де жүреді, сондықтан NO3- анықтағанда бірінші NO2- анықтау керек, егер олар анықталса ерітіндіні NH4CI-мен қызыдыру арқылы бөліп алады. Бұл мына реакциялар арқылы жүреді:
2NO2- + 8Н++6е- ↔ N2↑ + 4Н2О
2NH4+ -6е- ↔ N2↑ + 8Н+
|
1
1
|
|
NO2- + NH4+ → N2↑ + 2Н2О
|
I- және Вr- иондарын бөліп алу NO3- анықтау кезінде С12 қышқыл ортада қосып және қыздырғанда I2 және Вr2 түрінде бөлініп алынады.
1. NO3-, NO2- -иондарын анықтау
Қалған ерітіндінің бөлігін НС1 қышқылдатып, кристалдық антипирин қосады. Жасыл түстің болуы NO2- иондарының бар екенін көрсетеді.
NO3- -иондары бұл реагентпен NO2- иондарын анықтауға кедергі жасамайды.
2. NO2- -иондарының жойылуы
Ерітіндінің бір бөлігіне кристалдық NH4C1-ін қосып, N2 ұшып кеткенше қыздырады:
NO2- + NH4+ → N2↑ + 2Н2О.
|
NO2- иондарының толық жойылғанын қышқылды ортада калий иодидімен тексереді:
NO2- + 2Н+ +е- → NO↑ + Н2О
3I- - 2е- ↔ [I3]-
2NO2- + 4Н+ + 3I- → 2NO↑ + 2Н2О
|
2
1
|
3. NO3- -иондарын анықтау
Ерітіндіге кристалдық темір (II) сульфатын және концентрленген күкірт қышқылын қосады. Пайда болған қоңыр түсті сақина NO3- иондарының бар екенін көрсетеді:
Fe2+ -е- ↔ Fe3+
NO3- + 4Н+ +3е- ↔ NO↑ + 2Н2О
|
3
1
|
3Fe2+ + NO3- + 4Н+ → N↑ + 2Н2О + 3Fe3+
SO42- + Fe2+ + NO↑ → [Fe(NO)]SO4.
|
Реакцияның жүруіне I-, Br- иондары кедергі жасайды, өйткені концентрленген H2SO4 қышқылымен I2 және Вr2 дейін тотығады. Сондықтан оларды НС1 қатысында I2 және Вr2 жойылғанша қыздырады.
14.5. Аниондардың қоспасын жүйелік талдау мысалдары
1-мысал. NO2-, NO3-, I-, Br аниондардың қоспасын жүйелік талда
11-сызбанұсқа
12-сызбанұсқа
2-мысал . S2-, SO32-, S2O32-, SO42- аниондардың қоспасын жүйелік талда
Егер ерітіндіде бір уақытта SO42-, SO32-, S2O32-, S2- иондары болса, онда ерітіндіні жүйелік талдайды, себебі олар анықтауда бір-біріне кедергі жасайды. SO42- иондарынан басқа иондардың бәрі тотықсыздандырғыш болып, иод және калий перманганаты ерітінділерін түссіздендіреді және қышқылмен әрекеттескенде газ тәрізді заттар бөлінеді. Егер SO32- және S2O32- иондары ерітіндіде бірге болса, онда қышқылды ортада аниондар бір ион- S2O32- түрінде жүре береді.
Реакция мына түрде жүреді:
S2O32- + 2Н+ ↔ SO2↑ + Н2О + S,
SO32- + 2Н+ ↔ SO2↑+ H2O.
|
SO32- ионы қышқыл әсерінен ыдырап кетеді.
Егер ерітіндіде S2- және SO32- -иондары қатысса, онда қышқылды ортада бір уақытта H2S және SO2 газдары бөлінеді:
S2- + 2Н+ ↔ H2S↑,
SO32- + 2H+ ↔ SO2↑+ H2.
|
H2S және SO2 арасында тотықтығу-тотықсыздану реакциялары жүреді:
H2S -2е- ↔ S↓ + 2Н+
SO2↑ + 4Н++4е- ↔ S↓ + 2H2O
|
2
1
|
|
2H2S + SO2↑ + 4Н+ ↔ 3S↓ + 4Н+ + 2Н2О
|
|
2H2S + SO2↑ ↔ 3S↓ + 2H2O.
|
л реакцияның нәтижесінде ерітіндіде көп мөлшерде қалған газ ғана анықталады. Егер SO32- иондары көп қалса, онда S2O32- (S↓, SO2↑) тән қасиеттер байқалады.
Сол себепті S2O32- иондары анықталып, S2- және SO32- иондары ыдырап кетеді және S2- және SO32- қоспалары SO42- иондарын анықтауда кедергі жасайды, өйткені ВаСl2 және НС1 әсер еткенде НС1-да ерімейтін күкірт бөлініп шығады.
Талдау жолдары
1.Сульфид иондарының анықталуы.
Реакцияның басында S2- иондарын натрий нитропруссидімен әсер етіп анықтайды. S2- иондарының қатысында күлгін комплекстік қосылыс түзеді
S2- + [Fe(CN)5NO]2- ↔ [Fe(CN)5NOS]4-.
|
2.S2- ионын тұнбаға түсіру. Ол үшін зерттеліп отырған ерітіндіге көп мөлшерде Zn2+ катиондарын немесе кадмий карбонатын қосады: сульфид иондары цинк сульфиді түрінде немесе кадмий сульфиді түрінде тұнбаға түседі:
Zn2+ + S2- ↔ ZnS↓,
↓CdCO3 + S2- ↔ CdS + CO32-.
|
Тұнбаға түскен мырыш және кадмий сульфидін сүзіп алады да, тұнбадағы сульфид ионын қышқыл әсерінен H2S бөлінуі арқылы анықтайды. H2S бөлінуін қорғасын ацетаты сіңірілген сүзгі қағазының қараюы арқылы дәлелдеуге болады.
↓Zn + 2Н+ ↔ Zn2+ + H2S↑,
H2S + Pb2+ ↔ Pb + 2H+.
|
Сүзіндіде SO32-, S2O32-, SO42- - иондары қалады.
3. S2O32-, SO42-, SO32- иондарының анықталуы мен бөлінуі. Стронций тұздарының ерітінділерінің артық мөлшерімен әсер еткенде, SO32- иондары тұнбаға түседі:
Sr2+ + SO32- ↔ SrSO3↓,
Sr2+ + SO42- ↔ SrSO4↓,
|
aл S2O32- ионы ерітіндіде қалады. SrSO3 және SrSO4 тұнбаларын сүзіп, суық сумен S2O32- иондарын бірнеше рет шаяды . SO32- ионын анықтау үшін алынған ерітіндіге иод ерітіндісін және хлорсутек қышқылын қосады. Егер SO32- иондары бар болса, онда иод ерітіндісі түссізденеді:
|
↓SrSO3 + 2Н+ → Sr2+ + SO2↑+ H2O.
|
|
|
SO2+2H2O-2e- ↔ SO42- + 4H+
I2 +2e- ↔ I-
|
1
1
|
|
SO2 + I2 + 2H2O ↔ SO42- + 2I- + 4H+
|
Егер тұнба HCI-да ерімесе, онда бұл SO42- иондарының бар екенін көрсетеді.
Ерітіндіде S2О32- иондарын анықтау.
Сүзіндідегі S2O32- иондарын хлорсутек қышқылымен әсер ету арқылы анықтайды. Ерітіндінің қарайып кетуі және бос күкірттің бөлінуі S2О32- иондарының бар екенін көрсетеді:
-
S2O32- + 2Н+ ↔ SO2↑+ Н2О +S↓.
|
13- сызбанұсқа
3-мысал.Вr -, Сl -- және I --иондарының қоспасын жүйелік талда
Я
Аниондарды талдауда Вr-, Сl- және I- иондары жүйелік талдау арқылы анықталады.
Бұл аниондарды анықтау қиынырақ болып келеді, себебі бұлардың бәрі азот қышықылында ерімейтін күміс нитратымен тұнба түзеді.
Сондықтан бұл аниондарды анықтау үшін анықталатын ерітіндіні екі бөлікке бөледі.
Ерітіндінің бір бөлігіне азот қышқылы ортасында күміс нитратымен әсер ету арқылы Сl- иондарын анықтайды.
Сонымен Сl -, Вr-, I- иондары күміс нитратымен тұнбаға түседі:
I- + Ag+ ↔ AgI↓,
Вr- + Ag+ ↔ AgBr↓,
Сl- + Ag+ ↔ AgCl↓,
|
ЕК = 1,5·10-16;
ЕК = 7,7·10-13;
ЕК = 1,6·10-10.
|
Бұл тұздардың ерігіштігіне байланысты ең соңғы болып Сl- иондары тұнады.
Алынған тұнбаны AgCl↓ сүзіп, 12% аммоний карбонатымен өндейді себебі, аммоний карбонаты әлсіз негіз және әлсіз қышқылдан түзілген тұз, ол сулы ерітіндіде мына реакция бойынша гидролизденеді:
(NH4)2СО3 → 2NH4+ + СО32-,
NH4+ + Н2О ↔ NH4OH + Н+;
СО32- + Н2О ↔ НСО3 + ОН-,
3)НСО3- + Н2О ↔ Н2СО3 + ОН-.
|
Көріп отырғандай гидролиз екі сатыда жүреді, өйткені бұл кезде әлсіз электролит қышқыл ионы (НСО3-) түзіледі:
-
NH4+ + СО32- + Н2О ↔ NH4OH + НСОз-.
|
Сол себепті ерітіндінің ортасы сілтілі болып келеді. Гидроксид иондары сутек иондарын байланыстырып, бірінші саты бойынша NH4+ иондарының гидролизденуіне әсер етеді де нәтижесінде NH4OH түзіледі. Ол NH3 бөліп ыдырайды:
-
AgCl тұнбасы бөлінген аммиакта келесі саты бойынша ериді:
AgCl↓ + 2NH3 ↔ [Ag(NH3)2]+ + Сl-.
|
Ерімеген тұнбаларды AgBr↓, және AgI↓ сүзіп, бөліп тастайды да Сl- иондарын концентрлі азот қышқылымен әсер ету арқылы анықтайды.
Ерітіндінің лайлануы Сl- иондарының бар екенін көрсетеді.
Қоспадан Сl- иондарын анықтауда NH4OH ерітіндісі емес 12% (NH4)2CO3 ерітіндісінің қолданылатын себебі, Сl- иондарын бөліп алу үшін аммиактың аса көп мөлшері қажет AgCl еритіндей етіп алады, ал AgBr және Agl қиын еритіндіктен мүлде ерімейді.
Аммиактың бұндай мөлшері тек аммоний карбонатының 12% ерітіндісінде ғана болады. Егер аммиак ерітіндісін алып AgBr ерітсе:
AgBr + 2NH3 — [Ag(NH3)2]+ + Br-
|
Онда Сl- иондары анықталады, өйткені келесі сүзгенде AgBr ерітіндісі бұлдырланып оны AgCl –мен шатастырып алуға болады.
Анықталып отырған ерітіндінің екінші бөлігінде Сl-, Вг-, I- иондары бар. Вг, I- иондарын келесі әдіс бойынша анықтайды.
Ерітіндіге бензол немесе хлороформ ерітінділерін қосқанда алғашқыда I- иондары бос иодқа дейін тотықсызданады:
2I--2е- → I2
|
|
С12 +2е- →2СГ-
|
|
2 I- + Cl2 → 2СГ- + I2
|
ЭҚК = 0,814 В
|
Одан кейін Вг- ионы бос бромға дейін:
2Вг- -2е- → Вг2
|
В
|
С12 +2е- →2С1-
|
В
|
2Вг-+ С12 — Вг2 + 2С1-
|
ЭҚК = 0,272 В
|
Бөлініп шыққан иод бензол және хлороформ қабатын күлгін-қызыл түске, ал бром қызыл-қоңыр түске боялады. Иод бромид иондарын анықтауда кедергі жасайды.
Br- иондарын анықтау үшін ерітіндіге хлорсутекті бензол және хлороформның күлгін-қызыл түстері жойылып кеткенше, яғни иод толық тотықсызданғанша қосады:
-
I2 + 6Н2О +10е-→ 2IO3- +12H+
|
1
|
С12 +2е- →2С1-
|
5
|
5С12 +I2 + 6Н2О →10 С1- +2IO3- +12Н+
|
Бұл кезде бензол қабаты бромға тән қызыл-қоңыр түске боялады. Хлордың аса көп мөлшерінде бром ашық сары түсті BrCl түзеді.
Сапалық анализді жүргізу әдістері. Анализді «сулы» және «құрғақ» әдістер арқылы жүргізу. Анализдің макро-, жартылай микро-, микро әдістері.
Тотығу –тотықсыздану жүйелері. Химиялық анализдегі тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар. Гальваникалық элемент, гальваникалық элементтің сызбанұсқасы.
Аналитикалық реакциялардың сезімталдығы мен таңдамаалығы. Реакциялардың сезімталдығының сандық сипаттамалары.
Аналитикалық реакциялардағы еріткіштің алатын орны. Еріткіштердің жіктелуі Сольваттар мен гидраттар.
Химиялық тепе-теңдік. Химиялық анализдегі химиялық тепе-теңдіктің түрлері. Аналитикалық реакциялардың бағыты.
Күшті электролит ерітінділерінің диссоциациясы. Активтілік. Активтілік. Коэффициенті және иондық күш.
Электролиттер. Электролиттердегі диссоциация мен химиялық байланыстың полярлығы. Электролиттердің жіктелуі.
Стандартты сутек электроды.Гальваникалық элемент.
Аналитикалық химиядағы комплексті қосылыстар. Комплексті қосылыстардың солватациясы.
Күшті электролит ерітінділерінің диссоциациясы. Шынайы ерітінділерге қолданылатын теңдеу. Концентрациялық және термодинамикалық константалары.
Әлсіз электролит ерітінділерінің диссоциациясы. Константа и степень Электролиттік диссоциация константасы мен дәрежесі.
Бөлшектеп тұндыру. Тұнбалардың еруі және тұнбаны басқа құрамды тұнбаға ауыстыру.
Ерігіштік көбейтінді. Нашар еритін электролиттің ерігіштігіне аттас иондардың әсері.
Оствальдтың сұйылту заңы. Әлсіз электролиттің ерігіштігіне аттас иондардың әсері.
Судың диссоциациясы . Судың иондық көбейтіндісі.
Комплексті қосылыстардың кинетикалық және термодинамикалық тұрақтылығы. Тұрақтылықтың жалпы константасы.
Иондарды бүркемелеу (аскирование) және комплексті қосылыстарды бұзу. Мысалдар.
Тотығу- тотықсыздану жүйелеріндегі тепе-теңдік. Химиялық анализде қолданылатын негізгі тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар
Комплексті қосылыстар ерітіндісіндегі тепе-теңдік. Бір түрлі және әртүрлі, моно- и полиядролы комплекстер.
Бөлшектеп және жүйелі талдау әдісі. Сапалық талдау жүйелері. Қышқылды-негіздік жүйе.
Аналитикалық реакция, аналитикалық реагент. Селективті және спецификалық реагенттер.
Аквакомплекстердегі қышқылды-негіздік әрекеттесулер.
Гидролизденетін тұздар ерітілеріндегі тепе-теңдік. Гидролиздену константасы мен дәрежесі.
Комплексті қосылыстар. Аквакомплекстердің түзілуі.
Комплексті иондарды бүркемелеу және бұзу.
Шынайы ерітінділерге қолданылатын теңдеулер. Ионданудың термодинамикалық константасы.
Тұнбаның түзілуі мен еруі .
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының бағыты. Сапалық талдауда тотығу-тотықсыздану реакцияларын қолдану.
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының бағыты. Сапалық талдауда тотығу-тотықсыздану реакцияларын қолдану.
Катиондарды сапалық талдау жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы.
Стандартты сутек электроды. Гальваникалық элемент.
Аналитикалық химиядағы комплексті қосылыстар. Аквакомплекстердегі қышқылды-негіздік тепе-теңдік.
Күшті және әлсіз қышқыл мен негіз ерітінділерінің рН-ын есептеу.
Аквакомплекстердегі қышқылды-негіздік тепе-теңдік.
Аналитикалық химиядағы комплексті қосылыстар. Комплексті қосылыстардың сольватациясы.
Стандартты электрдтық және тотығу-тотықсыздану пенциалы.
Қышқылды- негіздік әрекеттесу теориясының салыстырмалы сипаттамалары..
Стандартты сутек электроды.Гальваникалық элемент.
Тотығу-тотықсыздану пенциалының реакцияны жүргізу жағдайына тәуелділігі.
Аналитикалық реакциялардың сезімталдығының сандық сипаттамалары.
Аррениустің қышқылды- негіздік теориясының қарама-қайшылықтары.
Стандартты сутек электроды. Гальваникалық элемент.Тотығу-тотықсыздану реакцияларының бағыты.
Бренстед- Лоуридің протондық теориясы.
Нашар еритін электролиттердің қаныққан ерітінділеріндегі тепе-теңдік
Электродтар. Электродтық пенциал. Гальваникалық элементерде қолданылатын электродтардың түрлері.
Сапалық талдау жүйесі. Аналитикалық реакцияларды орындау шарттары және реакцияның сезімталдығы.
Сапалық талдау жүйесі. Аналитикалық реакцияларды орындау шарттары және реакцияның таңдамалығы, спецификалығы.
Шынайы ерітінділерге қолданылатын теңдеулер.Тепе-теңдіктің термодинамикалық және концентрациялық константасы.
Аналитикалық химиядағы органикалықе реагенттер, олардың жіктелуі және қолданылуы.
Катиондардың аналитикалық топтары. Сапалық анализ сызбанұсқасы.
ЕҰУ Ф 703-08-16. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншыбасылым
Достарыңызбен бөлісу: |