БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ
-
Байқауға қатысу үшін 1-қосымшаға сәйкес өтінім болу қажет;
-
Байқауға қатысу жарнасы – тегін. Комиссия шешіміне сәйкес, жеңімпаз атанған қатысушыларға бір реттік жарнапұл бекітіледі;
-
Бір реттік жарнапұл көлемі жеңімпаздар тізімі айқындалғаннан кейін бекітіледі;
-
Байқауға қатысу үшін педагогтар өтінішті, кестені (үлгілері қосымша тіркелді) және соңғы 3 жылдықтағы жетістіктер портфолиосын (жетістіктері сканерленген нұсқада) жолдауы тиіс;
-
Ережеге сәйкес қатысушылар құжаттарын тексеру және шешім шығару құқығы тек байқау Комиссиясына беріледі;
-
Байқаудың ақырғы қорытындысы бойынша наградалары иелеріне, Орталықтың бұйрығымен тіркелген куәлік, диплом және медаль табысталады;
-
Байқауға кемінде 3 жылдық еңбек өтілі бар әр педагог өзін-өзі ұсыну арқылы немесе мекеме басшысының ұсынысы арқылы қатыса алады;
-
Байқауға қатысушылардың кәсіби қызметтегі жетістіктері төмендегі критерийлер бойынша бағаланады:
-
педагогтің кәсіби құзыреттілігі (біліктілікті арттыру, инновациялық білім беру технологияларын, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, кәсіби конкурстарға қатысу, зерттеу жұмыстарының нәтижелері (әзірлемелер, жарияланымдар, жарияланған әдістемелік құралдары);
-
педагогтің өңірлердегі, республикадағы білім беруді дамытуға қосқан үлесі (мемлекеттік білім беру жобаларын педагогикалық практикаға енгізу жұмыстары, қызметінің бағыты бойынша оқу-әдістемелік кешендер, авторлық бағдарламалар әзірлеу, инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттау).
-
оқушылар мен тәрбиеленушілер жетістіктерінің оң серпінінде көрсетілген педагогикалық қызметтің нәтижелілігі (оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеу, қорытынды аттестаттау, оқушылар мен тәрбиеленушілердің пәндік олимпиадалардағы, конкурстардағы, ғылыми-практикалық конференциялардағы, спорт жарыстарындағы, музыкалық конкурстардағы жетістіктері);
-
педагогтің кәсіби шеберлігін және жеке тұлғасын бағалау (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық өкілдердің, шығармашылық қоғамның пікірлері, әдістемелік өнімдерге рецензия, алғыс хат, мақтау қағаздары, дипломдар);
-
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әр қатысушы ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылған және қажет деп табылған құжаттар тізімін толықтырып, түгендеп, 2020 жылы ақпан айының 15 жұлдызына дейін Орталықтың prof-pedagog@mail.ru немесе prof_pedagog@mail.ru электронды поштасына жолдауы тиіс (конкурсқа қатысу үшін жіберілетін құжаттардың үлгілері қосымша парақта).
Қосымша ақпараттар үшін байланыс телефоны:
+7(7172)26 91 66, +7 (7172) 26 92 89
Сайт: www.prof-pedagog.kz
Электронды пошта: prof-pedagog@mail.ru prof_pedagog@mail.ru
Қосымша -1
Өтініш үлгісі
Достарыңызбен бөлісу: |