14.01.2021
0
485
«ҚАЗАҚ ТІЛІ пәнінің үздік педагогі-2021» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
«Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен еліміздің білім беру ұйымдарының қазақ тілі пәні педагогтерін қолдау, үздік қазақ тілі педагогтері: оқытушылары мен мұғалімдерін анықтау мақсатында қолға алынған республикалық «Үздік педагог» жобасы аясында өткізілетін «Қазақ тілі пәнінің үздік педагогі-2021» атты байқауының өтетіндігін хабарлаймыз!
Байқауға республика көлеміндегі ЖОО, колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері қатысу мүмкіндігіне ие! Байқауға қатысушы педагогтер «Қазақ тілі пәнінің үздік педагогі-2021 атты республикалық түрлі-түсті кітап жинағы және І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық дипломмен марапатталады.
Байқау қатысушылары өзі жайлы жазылған «Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс тәсілдерім…» атты 3 беттен аспайтын эссе жазуы тиіс. (WORD редакторында «Times New Roman» 14 шрифт, жоларалық-1.5, сол жақтан 2 см жол.). Эсседе педагогтің жаңашыл тұлғасын суреттейтін білім беру саласына қосқан үлесі, шәкірт тәрбиелеудегі инновациялық идеялары көрініс табуы тиіс. Сонымен қатар білім беру саласындағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, диплом және т.б.) қоса тіркелуі тиіс, 3/4 форматтағы сапалы суретін жіберуі қажет.
Байқау материалдары 2021 жылдың қаңтар айының 30-на дейін uzdik.pedagog2019@bk.ru электронды поштаға жіберілуі тиіс. Байқауға жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек. (NUR-SULTAN қаласы ҚР Министрліктері үйінде өтетін қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда көрсетілген мекен-жайы бойынша жинақ кітабы,диплом жіберілетін болады).
Еліміздің үздік қазақ тілі пәні педагогтерінің өмірбаяндық эсселері енген жинақ кітабының таныстырылымы және марапаттау рәсімі NUR-SULTAN қаласында Министрліктер үйінде, 14 кіреберіс, Мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық жинаққа енген «Қазақ тілі пәнінің үздік педагогі-2021» байқауының жеңімпаздары шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы байқау жеңімпаздарына жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан «Қазақ тілі пәнінің үздік педагогі-2021» атты байқауға қатысқан педагогтердің эсселері енгізілген жинақ кітабы, І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом табысталады. Ұйымдастыру алқасының сайты: Bilim-ork.kz, Инстаграм парақшасы: bilim_orkenietі, facebook: Білім өркениеті
Анықтама тел.: +8747-628-80-54, 8775-452-03-98
Достарыңызбен бөлісу: |