Үздіксіз білім жүйесіндегі педагогикалық үдерісте “Өзін-өзі тану пәнінің жүйе түзуші әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктері



бет17/21
Дата07.02.2022
өлшемі5,79 Mb.
#84640
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
өзін-өзі танудан сабақ

Биология

Өзімшілдік тоқырауға бастап, өлімге апарады. Альтруизм өмірді дамытуға жеткізеді. Адамға осының бірін таңдауы керек. Қайсыны таңдаймыз? Ашықтықпен, рухани еркіндікпен бар адамның игілігі үшін құрбандықты лайықты қарсы алу, немесе өз құлқынының құлы боп, көбірек қамтып тұтынып, альтруистік сүйіспеншіліктің не екенін білместен, бақытсыз күн кешу ме?

Әркім шешімді өзбетінше қабылдайды, бірақ оны қабылдағанда обыр (рак) клеткасын еске алайық. Соған ұқсағымыз келе ме?

Аса көп молшылықтағы өмір де толық жоқшылықтағы өмір сияқты қауіпті. Мұның екеуі де Қуаттың Сақталу және Өзгеру заңының талаптарын бұзғандықтан болады.Щ


Биология

Өзін-өзі тану

Биологиялық жүйеде біртұтас мақсат үшін, яғни тұтас ағзаның тіршілік етуі және дамуы үшін оның барлық құрамдастары “өз мүдделерін құрбандыққа шалады”.
Ағзаның әрбір жеке жасушасы өсетін ортасы шектеулі болғандық-тан басқа жасушалардың өсіп, өнуі үшін өзі құрбан болады.

Альтруизм – адамның адамгершілік қасиеті ғана емес, ол – өмір сүрудің міндетті шарты болып табылады. Адамның бұл жолды ықыласымен таңдауы – адам қоғамының міндетті шарты. Қоғам игілігіне саналы түрде қызмет ету адамның дамуына мүмкіндік береді және оның өмір жолын адамзат дамуымен үйлестіре отырып, бақытқа қол жеткізеді.

Биология

Өзін-өзі тану

Жасушалардың геномында (гендер жиынтығы) жасушалардың бағынбай өсуіне және ракқа айналуына жауап беретін протоонкоген бар екені белгілі, бірақ ол “жабық”, бітеліп қалған. Бізге белгісіз факторлардың нәтижесінде (сыртқы мутагенттер, жұқпалы агенттер, ионды сәулелер, адамның жаман ойлары мен әдепсіз істері) генетикалық құрсау ашылып, жасуша үйлестіруші фактор-ларға бағынбай кетеді. Рак жасушасы басқа жасушаларды ығыстыра бастайды.

Эгоизм тоқырауға және өлімге, ал альтруизм дамуға және өмірге апарады.
Біз қандай боламыз? Ашық – рухани еркін, сүйе білетін және ортақ иігілік үшін құрбан бола алатын боламыз ба? Әлде жабық – өзіміздің құлқынымыз бен құмарлығымыздың құлы, сүйіспеншілік дегеннің не екенін білмей, бақытсыз жан боламыз ба?
Әркімнің қалауы өзінде. Алайда таңдау жасағанда рак жасушасын есімізге түсірейік, соған ұқсағымыз келе ме?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет