Р – әлеуеттік энергия, m – дене массасы, h – дененің нөлдік деңгейден биіктігі. Адам дүние тірлігінен, яғни материалдық деңгейден, көтерілген сайын, оның әлеуеттік, шығармашылық энергиясы арта түседі
В.Ф. Бак «Биология жүрек тілімен» кітабында альтруизм заңы аталады.
Өмір – ашық жүйе. Оған үзіліссіз қуат пен ақпарат ағыны құйылып жатады да, өмірді қоректендіріп, нәрлендіріп жатады.
Тіршіліктің әр бөліктері арасында ақпараттық-қуаттық алмасып жатуы Ғарыш заңдылығының бір маңызды бөлігі.
Ол адамдық мораль деңгейінде «егер алғың келсе, бере біл» деген ұстанымен бекітілген.
Биология
лық жүйеде өмірдің тұтас ағза ретінде дамуы оның жеке құрамдас бөліктерін «өзінің мүддесі үшін құрбан» етеді. Альтруизм адамның адамгершілік сапасы ғана емес, бұл – өмір қағидасы да. Әр жеке клетка өз дамуын, өсуін басқа клеткалар үшін құрбан етеді.
Дұрыс қуаттық-ақпараттық алмасу барысында, кері байланыс болған жағдайда көп клеткалы ағзаның әр клеткасы өзіне қажеттінің бәрін ала алады да, тұтас ағза өсіп жетіледі.