Үздіксіз білім жүйесіндегі педагогикалық үдерісте “Өзін-өзі тану пәнінің жүйе түзуші әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктері


Әдебиет 20 ғасырдың басында гимназистерге берілген шығармалар тақырыптары



бет18/21
Дата07.02.2022
өлшемі5,79 Mb.
#84640
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
өзін-өзі танудан сабақ

Әдебиет

20 ғасырдың басында гимназистерге берілген шығармалар тақырыптары.

Төменгі топқа:

  • Алыс жерлерден құстардың не көргені туралы.
  • Үйдің салыну тарихы мен оның жанынан бау өсіру.
  • Орман патшалығының алыптары мен тапалдары.
  • Ортаңғы топқа:

  • Күзгі бақтың ұйқысы.
  • Айлы түнгі өзен.
  • Орманның ең әдемі шағы.
  • Атамның бау-бақшасы.
  • Жоғарғы топқа:

  • Сөз – бақыттың қайнары.
  • Керуенмен өмірді неге салыстырамыз.
  • Отан мен бөтен ел.
  • Өмірдің өтпелілігі.
  • Қазақстанның байлығын нелер құрайды?
  • Қандай рухани байланыс Ата-баба мен ұрпақты жалғайды?
  • Тарихтағы адамгершілік бастаулары туралы.

4. Сабақтан тыс іс-шаралар арқылы өзін-өзі тану

Құндылықтарды сабақтан тыс іс-шараларға енгізу

  • Шаттық шеңбері
  • Қайырымдық акциялары
  • Жоба қорғау
  • Спорт
  • Драма үйірмесі
  • Пікірталас
  • Клуб
  • Ақындар бұрышы
  • Серуендер
  • Ғылым, спорт күндері

Шаттық шеңбері.


Шаттық шеңбері – сабақтан тыс тәрбие жұмысының бір түрі. Әр күнді осы шаттық шеңберінен бастау мектеп ұжымында жылы, достық қарым-қатынас орнатуына ықпал етеді. Оның мазмұны белгілі бір құндылықтар мен қасиеттерге, мемлекеттік мерекелерге арналады. Әр аптада бір сынып ұйымдастырады.
Онда:
  • Дәйексөз;
  • Тәлімдік мәндегі әңгіме (притча);
  • Топпен ән айту, би билеу (флешмоб);
  • Сол күні туған балаларды құттықтау;
  • Оқушылардың шығармашылығы;
  • Түрлі марапаттаулар шаттық шеңберінің міндетті бөлігі болып табылады.

  • Шаттық шеңберінде көтерілген құндылық барлық сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстарда қамтылады.
    Шаттық шеңберінің мәні – әр оқушының өзін өзара тату, дос мектеп ұжымының бір бөлшегі ретінде сезіне білуіне, өзіне және айналасындағыларға сене білуіне жағдай жасау. Шаттық шеңбері мектеп ұжымының жарастығына, үйлесімділігі мен бірлігіне және өзара жауапкершілікке жол ашады.
    Ұсынылатын тақырыптар: «Жүрегіңнің түбіне терең бойла...», «Арайлап атсын әр таңым!», «Бабалар тілі – даналық үні», «Сенім – менің серігім», «Жаныңда жүр жақсы жақсы адам», «Жолдасы көптiң – олжасы көп» және т.б.

Қайырымдылық акциясы
Қайырымдылық акциясы мектеп аясында өткізіледі және ұжым мүшелерінің бір-біріне игі ықылас білдіріп, өзара рухани және материалдық көмек көрсетуіне бағытталады. Ол күнкөрісі төмен, көпбалалы және жағдайы жоқ отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тек материалдық қана емес, рухани қолдау көрсетуді көздейді. Сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдер ұжымының біртұтас тілектестік, сыйластық, жанашырлық, қамқорлық сезімдерін оятып, бір-біріне көмек көрсету, құрметтеу белсенді-лігін арттырады.
Ұсынылатын тақырыптар: «Өзіңді де, өзгені де аяла», «Жаным толған жақсылық», «Бөлісе жеген ас дәмді» және т.б.
Онда:
  • Балалар да, ата-аналар да, мұғалімдер де, әкімшілік те тең дәрежеде қатысатын ортақ істің атмосферасы;
  • Біздің не істеп жатқанымыздың: не үшін, неліктен, кімге және т.б. барлық қыр-сырын міндетті түрде түсіндіру;
  • Балаларға жиналған сыйлықтардың кімге ұсынылғанын көрсететін фильм немесе фотостенд көрсетіп қорытындылау

  • өте маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет