Зертханадағы қауіпсіздік ережелері



бет14/28
Дата04.05.2024
өлшемі1,03 Mb.
#201753
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
Зертханалық жұмыс Биохимия

В5 витаминінің сапалық реакциясы.
7-тәжірибе: Никотин қышқылына сірке қышқыл мыстың әсері

Никотин қышқылын сірке қышқыл мыстың ерітіндісімен қосып, қыздырғанда никотин қышқыл мыс тұзының көк тұнбасы пайда болады.


Жұмыс барысы: 5-10 мг никотин қышқылына 10-20 тамшы 10%-ті сірке қышқылында қыздырып ерітеді. Қайнағанға дейінгі ерітіндіге, сондай мөлшерде 5%-ті сірке қышқыл мыс ерітіндісін қосады. Сұйықтық лайланып көгілдір түске, біраз тұрған соң көк түсті тұнба пайда болады.
В6 витаминнің сапалық реакциясы.
8-тәжірибе: Пиридоксинге феррихлорид әсері
Пиридоксиннің ерітіндісіне хлорлы темір ерітіндісін қосқанда сұйықтық қызыл түске боялады, себебі темірдің феноляты типтес комплексті қосылыс түзілу салдарынан.
Жұмыс барысы: 5 тамшы 5%-ті пиридоксидиннің судағы ерітіндісіне 1 тамшы 5%-ті хлортемір ерітіндісін қосып, шайқаймыз, сұйықтық қызыл түске боялады.
С витаминіне сапалық реакция.
9-тәжірибе: Метиленді көкпен әрекеттесуі.
Жұмыс барысы: 1 мл капуста шырынын пробиркаға құйып 1 мл 0,01%-ті метиленді көк ерітіндісін қосады, араластырады және ауадағы оттегімен әрекеттеспеу үшін пробирканы жабады. Проибирканы 37-400С температурадағы термостатқа қояды. Біраз минут өткеннен кейін пробиркадағы метиленді көк тотықсызданып түссіз лейкоформға айналады және дегидроаскорбин қышқылы түзіледі. Егер түссіз ерітінді пробиркаға ауа жібермей шайқағанда ерітінді қайтадан бастапқы көк түске айналады.
10-тәжірибе: Калийдің гексациано (ІІІ) ферратымен реакциясы
Аскорбин қышқылы тотығып, калийдің гексациано (ІІІ) ферратын калийдің гексациано (ІІ) ферратына дейін тотықсыздандырады. Қышқылды ортада берлин лазуріне айналады.



Жұмыс барысы: 1 мл капуста шырынына 2 тамшы 5%-ті КОН ерітіндісін және 2 тамшы 5%-ті калийдің гексациано (ІІІ) ферраты ерітіндісін қосып, пробирканы шайқайды. Сосын пробиркаға 6-8 тамшы 10%-ті HCl ерітіндісін және 1-2 тамшы 1%-ті FeCl3 ерітіндісін қосады, нәтижесінде көк немесе жасыл-көк тұнба Берлин лазурі түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет