1.Рroperty BandType: TQRBandType - есеп компоненттерінің орналасу орнын және тәртібін анықтайды.
Бұл компоненттің мүмкін мәндері мынадай:
rbTitle - есеп компонентінің тақырыпшасын анықтайды. TQRBand компонентінде орналасқан ақпарат, есептің басқа барлық бөліктерінің алдында орналасады. Бұл TQRBand компонентінің түрі есеп берутің bi тақырыпшалық ақпараты үшін қолданылады.
rbPageHeader - бет тақырыпшасының компонентін анықтайды.
rbDetail - бөліктік ақпараттың компоненті.
rbPageFooter – бет подвалының компоненті. Есеп берудің әрбір беті үшін беттегі барлық мәліметтерден кейін шығарылады.
rbSummary – есеп подвалының компоненті. Барлық басқа ақпараттан кейін есептің пост бетіне шығарады және есеп берудің ақырғы беттің алдына шығарылуы керек.
rbGroupHeader - топтың тақырыпшалық компоненті. Есепте ақпараттың топталуы кезінде қолданылады. Жаңа топтың шығуы кезінде шығарылады.
rbGroupFooter – топтың подподвалының компоненты. Есепте ақпараттың топталуы кезінде қолданылады.
rbSubDetail - Master-Detail механизмінің көмегімен байланысқан есеп беруде екі немесе одан да көп ақпараттарды шығару кезінде бағыныңқы мәліметтер тобынан бөліктенген ақпаратты шығару үшін қажетті компонент. TQRSubDetail компонентін формада орналастыру кезенде TQRBand компоненті генерацияланғанда бұл мән компонентке автоматты түрде беріледі. Программа бұл мәнді BandType қасиетіне орналастырмауы керек.
rbColumnHeader - бағандардың тақырыпшаларын орналастыру үшін керекті компонент. Есеп беруде беттің тақырыпшаларынан кейін әр бір бетте орналасады.
rbOverlay - алдыңғы нұсқалы есептермен бірігуі үшін қолданылады.