TQRBand компоненті көмегімен бағандардың тақырыпшаларын көрсету.
TQRBand компоненті BandType қасиетінде rbColumnHeader мәні қойылған бағандар тақырыпшаларын көрсету үшін қолданылады. Бағандардың тақырыпшалары TQRLabel компоненті көмегімен анықталады.
Есепке TQRBand (аты QRBand3) компонетасын қосайық және BandType қасиетіне rbColumnHeader мәнін қоямыз. QRBand3 деп анықталатын есеп беру кеңістігінде TQRLabel (аттары QRLabel2 ... QRLabel5) төрт компонентін орналастырайық және бұл компонентттердің Caption қасиетіне сәйкесінше «Әкелу №», «Материалдың аты», «Күні», «Саны» мәндерін қоямыз. Берілген компоненттердің Font қасиетіне асты сызылған шрифт режимін орнатамыз және шрифттің өзін көлденең деп анықтаймыз.
Есептің алдын-ала қарау терезесіне кірейік. Есептің әр бір бетіне беттің жоғарғы бөлігінде бағандардың аттары шығады(39-сурет).
39-сурет – Есеп беруде бағандардың тақырыпшалары шығады
Достарыңызбен бөлісу: |