TQRBand компоненті көмегімен есептің тақырыпшаларын және подвалдарын безендіру. BandType қасиетінде rbPageHeader мәні қойылған TQRBand компоненті беттің тақырыпшасын көрсету үшін қолданылады. Ол әр бір жаңа бет үшін басқа ақпарат шығар алдында шығады. BandType қасиетінде rbPageFooter мәні қойылған TQRBand компоненті беттің подвалын көрсету үшін қолданылады. Ол әрбір жаңа бет үшін кез келген басқа ақпарат шыққаннан кейін шығады.
Есепке TQRBand (аты QRBand4) компонентін орналастырамыз және оның BandType қасиетіне rbPageHeader мәнін қоямыз. Беттің тақырыпшасына ешқандай мәтін орналастырмаймыз, тек беттің жоғарғы бөлігіне сызық сыза саламыз. Ол үшін Frame. DrawTop компонентінің беттің тақырыпшасы қасиетіне True мәнін қоямыз. Ол жоғары бойынша орналасқан сызықты сызады.
Дәл сондай тәсілмен есептегі парақ подвалын (аты QRBand5) анықтаймыз және BandType қасиетін rbPageFooter мәніне, ал Frame. DrawBottom қасиетін Тrue деп орналастырамыз. Ол сызықты төменгі жағында орналасуын қамтамасыз етеді.
Алдын-ала қарау режиміне кірген кезде біз әрбір беттің басында және аяғында сызық бар екенін көреміз.