5.3. Есептегі мәліметтерді топтау әдісі
Мәліметтерді топтау үшін TQRGroup компоненті қолданылады. Оның Expression қасиеті өрнекті көрсетеді. Топқа өрнектің шартын қанағаттандыратын МЖ-нің жазбалары кіреді. Өрнектің мәнін өзгерткенде топтар өзгереді. Топтың тақырыпшасы ретінде компонентасының ВапdТуре қасиетінде rbColumnHeader мәні қойылған TQRBand қызмет етеді. Топтың подвалы ретінде ВапdТуре қасиетінде rbGroup Footer мәні қойылған TQRBand компонентасы қызмет етеді.
TQRGroup компонентінің FooterBand қасиеті топтың подвалының компонентіне сілтемесі бар.
Мысалы. Ақпарат материалдың атымен топталатын қоймағақа материалдар келуі туралы жаңа есеп құрастырайық. Ол үшін №7 формада есептің мәліметтер тобын анықтайық (ТТаblе компоненті, аты Table1, TablelName қасиетіне - Prihod.DB, Active - True). МЖ-да Material өрісіне ағымды индексті орнатайық (FieldIndexNames немесе IndexName қасиетінде). Есепте орнастырайық:
есептің тақырыпшасы - TQRBand компоненті QRBand1 атымен, ВапаТуре қасиеті = rbTitle;
бағандар тақырыпшасы - TQRBand компоненті QRBand2 атымен, ВапаТуре қасиеті = rbColumnHeader;
TQRGroup компонеттер-тобы QRGroup1 атымен.
Бөлшектік ақпараттың аймағы - TQRBand компоненті QRBand3 атымен, ВапаТуре қасиеті = rbDetail;
Топ подвалы - TQRBand компонент QRBand4 атымен, ВапаТуре қасиеті= rbGroupFooter.
QRGroup1 компонентасына келесіні орналастырайық:
FooterBand қасиетіне QRBand4 мәнін;
Expression қасиетіне Table1.MATERIAL мәнін, ол формула болып табылады және формулалар редакторында жазылады.
Expression қасиеті өрнектің мәнін визуалдамағандықтан, топта TQRExpr (аты QRExpr1) компонентін орналастырамыз және Expression қасиетін Table1.MATERIAL мәні анықталғандай етіп қоямыз (40-сурет).
40-сурет – Формулаланың құрылуы
QRBand4 топтар подвалының компонентасында Kolvo өрісінде қосындыны (келіп түскен нақты материалдың жалпы санын) есептейміз. Ол үшін топтар подвалында TQRExpr (аты QRExpr2) компонентасын орналастырамыз және оның Expression қасиетін SUM(Table1.KOLVO) формуласын құрайтындай етіп қоямыз.
Бөліктенген ақпараттар тобында мәліметтер тобының N_Prih, Material, DataPrih и Kolvo өрістерімен байланыстырылған (DataSet және DataField қасиеттері) TQRDBText компонентасын орнастырамыз.
41-суретте көрсетілгендей есеп берудің басқа аймағын статикалық мәтінмен толтырамыз.э
41-сурет – Есептің тауар бойынша топтау макет
42-суретте алдын ала қарап шығу режиміндегі есептің бейнесі көрсетілген.
42-сурет – Алдын-ала қарау терезесінде есепті тауар бойынша топтау
Алдын-ала қарау терезесін ашу үшін №4 формасындағы "Топ" батырмасын басу керек. №4 формаға TButton батырмасын қосайық. Оның OnClick оқиғаларды өңдеуді анықтайық:
Form7. QuickRep1.Preview;
42-суретте топтардың бірінің подвалы көрсетілген- ондағы материалдың келуінің соммалық түрі шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |