Зертханалық ЖҰмыс №1 Тақырыбы



бет4/6
Дата06.09.2022
өлшемі31,93 Kb.
#148792
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Зертханалық жұмыс №1-студ

Пробиркалар

1

2

Реактивтер

1% жұмыртқа нәруызы
ерітіндісі

5 т

-

1% желатин ерітіндісі

-

5 т

Нингидрин

2 т

2 т

Қайнағанға дейін қыздыру

3-жұмыс. Ксантопротеин (Мульдер) реакциясы (циклды АҚ – три, фен, тир)


Принципі: Әдіс ароматты АҚ концентрлі HNO3–мен әрекеттесіп сары түсті динитротуындыларын түзетіне негізделген.


Анықтау әдісі: 5 тамшы 1% жұмыртқа нәруызы немесе 1% желатин бар пробиркаға 3 тамшы конц. HNO3 қосады, сосын ақырындап қыздырады және түстің өзгергенін байқайды.

Пробиркалар

1

2

Реактивтер

1% жұмыртқа нәруызы
ерітіндісі

5 т

-

1% желатин ерітіндісі

-

5 т

Конц. HNO3

3 т

3 т

Қайнағанша қыздыру

4-жұмыс. Фоль реакциясы (күкірті бар АҚ –цис)


Принципі: Әдіс күкірті АҚ сілтілі ортада натрий сульфидін түзетіне негізделген. Натрий сульфидін қорғасын плюмбитімен қыздырғанда қара қорғасын сульфиді түзіледі.


Анықтау әдісі: 5 тамшы 1% жұмыртқа нәруызы немесе 1% желатин бар пробиркаға 5 тамшы 30%-ды NaOH ерітіндісін, сосын 1 тамшы қорғасын ацетатын қосады. Қоспаларды 1-2 минут қыздырады, түстің өзгергенін байқайды.



Пробиркалар

1

2

Реактивтер

1% жұмыртқа нәруызы
ерітіндісі

5 т

-

1% желатин ерітіндісі

-

5 т

5% қорғасын ацетат ерітіндісі

1 т

1 т

30% NaOH ерітіндісі

5 т

5 т

1-2 минут қайнату



Тақырып бойынша негізгі қарастырылатын сұрақтар:



  1. Биохимияға кіріспе.

  2. Ақуыздардың функциялары.

  3. Ақуыздардың жалпы қасиеттері.

    1. элементтік құрамының ұқсас болуы

    2. молекулалық массасының жоғары болуы;

    3. ақуыздардың белгілі бір пішінде болуы және көлемінің үлкен болуы;

    4. ыдырау өнімдерінің ұқсастығы;

    5. ақуыздардағы молекуласындағы байланыс түрлері;

    6. түсті реакциялар.

    7. ақуыздардың реттік құрылымдары

Жаттығулар мен жағдайлық есптер



  1. Аланилцистеилглицин трипептидін жазыңыз. Осындай екі трипептидті дисульфидтік байланыспен байланыстырыңыз. Осы амин қышқылдарынан түзілген нәруыздың қасиеті қандай болады? Пептидтік байланысты көрсетіңіз. N– және С-шетін көрсетіңіз.




  1. Фен-вал-асп-гли-гис амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын белоктың біріншілік құрылымының үзіндісін жазыңыз. Жоғарыдағы полипептид тізбегіндегі соңындағы амин қышқылдарын анықтаңыз.




  1. Ақуыздың біріншілік, екіншілік, үшіншілік құрылымдары қандай байланыстар арқылы қамтамасыз етілетінін түсіндіріңіз.




  1. Белок құрамында изолейцин анықталған жоқ. Қандай тұжырым жасауға болатынын түсіндіріңіз.




  1. Зерттелетін ерітіндімен сапалық реакциялар жүргізу барысында анықталды: биурет реакциясы –оң, нингидрин реакциясы – оң, Шульце-Распайль реакциясы – теріс, Адамкевич реакциясы – теріс. Ерітіндіде қандай белок бар – құнды ма немесе құнсыз ба? Жауабыңызды түсіңдіріңіз. Белок ерітіндісінде алмастырылмайтын амин қышқылдары бар екенін дәлелдеу үшін қандай түсті реакцияларды қолдануға болады?




  1. Зерттелетін ерітінділермен сапалық реакциялар жүргізу барысында анықталды: бірінші ерітіндіде – биурет реакциясы –оң, нингидрин реакциясы – оң, Фоль реакциясы – оң; екінші ерітіндіде – биурет реакциясы – теріс, нингидрин реакциясы – оң, Фоль реакциясы – оң. Бірінші және екінші ерітінділерінде қандай заттар болды? Фоль реакциясы арқылы қандай аминқышқыларын ашуға болады? Осы аминқышқылдарының ішінен қайсысы алмастырылмайтын болады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет