Бақылау сұрақтары:
1.Тербелмелі қозғалыс деген не?
2.Еркін және еріксіз тербеліс деген не?
3.Серіппелі маятник және оның тербеліс заңдары
№ 14 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Жарықтың интерференциясын, дифракциясын бақылау»
Мақсаты: Жарықтың интерференциясын бақылау барысында білімдерін,біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Құрал жабдықтар: шыны пластиналар-2, капрон немесе бәтес қиықтар, тілік жасалған ескі фотопленка, грампластина немесе оның сынықтары,штангенциркуль, қылсымы түзу шам (бүкіл сыныпқа біреу)
Жарықтың интерференциясын бақылау:
Жұмыс барысы:
Шыны пластиналарды мұқият сүртіп, бір-бірімен беттестіріп, қолмен қысып қою керек.
Пластиналарды қараңғы жерде шағылған жарықта қарау (оларды шынының бетіне терезеден не ақ қабырғалардан аса жарық дақтар түспейтіндей етіп орналастыру керек).
Пластиналардың тиістірілген кейбір жерлерінен жарық сақина тәріздес немесе бұрыс формалы кемпірқосақ түстес жолақтар байқау керек.
Қысқыштың қойылу аралығына қарай алынған интерференциялық жолақтардың пішіні мен орналасуының өзгергенін байқау керек.
Өтіп тұрған жарықтағы интерференциялық көріністі байқап қалуға тырысу керек.
Жарықтың интерференциясын, дифракциясын бақылау:
Жұмыс барысы:
Штангенциркуль тістеуіктерінің арасын ені 0,5 мм саңылау қалатындай етіп қою керек.
Саңылауды тік орналастырып, оны көзге өте жақындату керек.
Саңылаудан тік орналасқан қызған шам қылына қарап, қылдың екі жағынан кемпірқосақ түстес жолақтарды (дифракциялық спектрлерді) бақылау.
Саңылаудың енін 0,5-тен 0,8 мм-ге дейін өзгертіп, оның дифракциялық спектрлерге қандай ықпалы болатынын байқау керек.
Дифракциялық спектрлерді түсіп тұрған жарықта капрон немесе бәтес қиығы, ескі фотопленканың саңылауы арқылы бақылау.
Дифракциялық спектрге шағылған жарықта грампластинаның көмегімен (оны көз деңгейінде горизонталь қойып) бақылау жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |