Бақылау сұрақтары:
Тоқтың әсерін ата.
Химиялық әсер қандай өткізгіштерде байқалады?
Фарадейдің электролиз заңы.
Электролиздің қолдануына мысал келтір.
№ 11 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Жартылай өткізгіштердің өткізгіштігін анықтау»
Мақсаты: Жартылай өткізгіштердің өткізгіштігін анықтау барысында білімдерін,біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Теория: Жартылай өткізгіштерде меншікті, электрондық (n-типті) және кемтіктік (p-типті) өткізгіштік байқалады.
Егер n-типті өткізгіштігі бар жартылай өткізгіштің монокристалына (мысалы, германий) p-типті жартылай өткізгіштің (мысалы, индий) тамшысын балқытып құятын болса, өткізгіштігі әр-түрлі осы екі аймақтың арасында, біржақты өткізгіштік қасиетке ие, жапқыш қабат пайда болады (p – n ауысу). Олардың осы қасиеті жартылай өткізгіштер техникасында кең қолданыс тапқан.
Құрал жабдықтар: ток көзі, амперметр, диод Д2 немесе Д7Ж, жалғау сымдары, кілт, вольтметр, миллиметрлік қағаз.
Жұмыс барысы:
Жартылай өткізгіштің біржақты өткізгіштігін тексеру.
а) Жұмыс барысын аяғына дейін оқып шығу;
б) Схема бойынша тізбекті жинау:
в) Д2 диодын тура ауысу бағытта қосу: «+» белгісі ток көзінің оң полюсіне бағытталуы керек, тізбекті қосып амперметрдің көрсеткішін белгілеу.
г) Д2 диодын кері ауысу бағытта қосу. Кілтті қосып, тізбек бойында ток жоқ екендігіне көз жеткізу. Тізбекті ажырату.
д) Алынған нәтижелер бойынша қорытынды жасау.
2.Диодтың вольт-амперлік сипаттамасын алу;
а) Суреттегі схема бойынша тізбекті жинау. Диодты тура ауысу бағытында жалғау;
б) Тізбекті қосу. Реостаттың қозғалмалы бөлігін, вольтметр кернеудің ең кіші мәнін көрсететіндей етіп орналастыру. Өлшеуіш құрылғылардың көрсеткіштерін белгілеу.
в) Реостаттың қозғалмалы бөлігінің орнын ауыстырып отырып, ток күші мен кернеудің кем дегенде жеті мәнін алу. Тізбекті ажырату. Кесте толтыру:
№
|
Диод арқылы өтетін ток күші І (мА)
|
Диодқа түсірілген кернеу U (В)
|
1
2
3
4
5
6
7
|
|
|
г) Өлшеу нәтижелері бойынша миллиметрлік қағазға ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін салу.(Ординат осі бойынша ток күші, абцисса осі бойынша - кернеу)
Достарыңызбен бөлісу: |