Бақылау сұрақтары:
Қисықсызықты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
Бірқалыпты қисықсызықты қозғалыс деген не?
Дененің ұшу уақытының формуласы
Дененің ұшу қашықтығының формуласы
Дененің көтерілу биіктігі неге тең?
№3 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау»
Мақсаты: Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау барысында білімдерін,біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Құрал-жабдықтар:психрометр,су,психрометриялық кесте
Жұмыс барысы:
1. Психрометрдің ыдысына су құйып, орнына қойыңдар.
2. Құрғақ термометрдің көрсетуін анықтаңдар.
tқұрғақ =
3. Ылғалды термометрдің көрсетуін анықтаңдар.
tылғал =
4. Термометрлердің көрсетулер айырмасын анықтаңдар.
t = tқұрғақ –tылғал =
5. Психрометриялық кесте бойынша ауа ылғалдылығын анықтаңдар.
φ = Тқұрғақ/Тылғал∙100%
Бақылау сұрақтары:
1. Булану, конденсация дегеніміз не?
2. Қайнау деген не?
3. Қаныққан бу, қанықпаған бу
4. Салыстырмалы ауа ылғалдылығына анықтама беріңдер.
5. Парциал қысым деген не?
№4 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Сұйықтың беттік керілу коэффициентін анықтау»
Мақсаты: Сұйықтың беттік керілу коэффициентін анықтау барысында білімдерін,біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Құрал жабдықтар: таразы, химиялық стакан, пипетка, штангенциркуль.
Жұмыс барысы:
1. Штангенциркульмен пипетканың тесігінің ( ) диаметрін анықтау.
2. Бос химиялық стаканның ( ) массасын анықтау.
3. Химиялық стаканға су тамшыларының белгілі бір ( ) мөлшерін санап алу (100 тамшы).
4. Суы бар химиялық стаканның ( ) массасын анықтау.
5. Судың массасы: ( ).
6. Судың беттік керілу коэффициентін формула бойынша есептеу:
,
бұл жерде - еркін түсу үдеуі.
7. Алынған нәтижені кестедегі мәнімен салыстыру.
8. Абсолюттік және салыстырмалы қателікті есептеу.
9. Кесте толтыру.
Бос стакан массасы
(кг)
|
Суы бар стакан-ның массасы
(кг)
|
Судың массасы
(кг)
|
Пипет-ка диа-метрі
(м)
|
Беттік керілу коэф-ті
(Н/м)
|
кесте-дегі
(Н/м)
|
Абс.
ауытқу
(Н/м)
|
Салыс-тырмалы ауытқу
(%)
|
|
|
|
|
|
0,072
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |