Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған Мамандықтар: 0705000 -«Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу»



бет3/18
Дата31.01.2023
өлшемі0,73 Mb.
#166984
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
zerthanalyқ-zhұmystardy-oryndauғa-arnalғan-nұsқaulyқ

Бақылау сұрақтары:



  1. Түзусызықты теңүдемелі қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?

  2. Үдеу дегеніміз не?

  3. Үдеу қандай формуламен өрнектеледі?

  4. Үдеудің өлшем бірлігі қандай?

  5. Үдемелі қозғалатын дененің жылдамдығы нөлге тең бола ма?

2 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу»
Мақсаты: көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалыс траекториясын зерттеу.
Құрал-жабдықтар: баллистикалық пистолет, шарик.

Қысқаша тезисті конспект:


Теориялық түсінік : Горизонталь бетте кекжиекке әр түрлі бұрыш жасай оқ атқанда оның ұшу қашықтығы мына формуламен өрнектеледі:
l = .
Бұл формуладан оқтың 0°-тан 90°-қа дейін ұшу бұрышын өзгерткенде оның ұшу қашықтығы әуелі кейбір мәнге дейін артады да, сосын нөлге дейін кемитіні көрінеді. Түсу қашықnығы соs мен sіп көбейтіндісінің үлкен мәнінде максимал болады. Міне, осы тәуелділікті тәжірибеде 1-суретте көрсетілген баллистикалық пистолетпен тексеру керек.


Пистолет бұрыш өлшеуіші  3 бар, капсырма шегеге бекітілген осьтің бойында шыбығы (стержень) бар ширатылған (спираль) серіппеден 1 тұрады. Ұзына бойында тесік каналы бар шыбыққа арнайы шарик орнатылған. Шарикті қондырған кезде серіппені сығады да шыбықтын табанындагы босатқыш ілмекке ілінеді. Егер босатқыш ілмектің 5 шығып тұрған бөлігін басып қалса, шар босайды да, серіппенің әрекетінен ол шыбық бойымен белгілі бір бағытта қозғалады.

Шариктің ұшу жылдамдығьшың 0 модулін барлық тәжірибе үшін бірдей етіп алу керек,

Үстелде шариктін түсер жеріне ақ, таза қағаздың бетіне екі бөлек жапсырма лентамен бекіту керек, ал үстіңгі жағына көшірме қағаз қойылады. Шарик құлағанда қағазда айқын із калады.

Жұмыс барысы:

  1. Баллистикалык пистолеттің кұрылысымен, жұмыс істеу принципімен танысыңдар.

  2. Үстелдін шетіне баллистикалық пистолетті қысып қоятын бұраманы (винтгі) орнатып, бұрыш өлшегішпен пистолетті 45° бұрышпен бекітіңдер. Қағазды жапсырмай, байқау үшін атып көріндер де, шамамен шариктің түскен орнын белгілеңдер. 45° бұрышпен атқанда шарик қағаздың шетіне түсетіндей етіп таза кағазды үстелге бекітіңдер, сосын үстіне көшірме қағазды салыңдар.


  3. Пистолетті 20°, 30°, 40°, 45° бұрыштармен орнатып, әрбір бұрышқа 3-4 рет атыңдар. Шариктің ізін қарындашпен қоршандар да қасына бұрышын белгілеңдер.

  4. Пистолетті бұрып, оны 50°, 60°, 70° бұрыштармен бекітіп, әрқайсысына 3-4 рет атып, тағы да әрбір бұрыштарғы шариктің түскен ізіне ату бұрышының мәнін жазыңдар.

  5. Әрбір бұрыш үшін шариктін түскен кашықтығының орташа мәнін өлшеңдер.



  1. Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.




Шариктің ұшу бұрышы

20

30

40

50

60

70

Шариктің орташа ұшу қашықытығы l, см





















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет