Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған Мамандықтар: 0705000 -«Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу»



бет8/18
Дата31.01.2023
өлшемі0,73 Mb.
#166984
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
zerthanalyқ-zhұmystardy-oryndauғa-arnalғan-nұsқaulyқ

Бақылау сұрақтары:
1. Жартылай өткізгіштігі бар материалдарға мысал келтір.
2. Таза жартылай өткізгіштер мен қоспалы жартылай өткізгіштердің айырмашылығы неде?
3. Жартылай өткізгіштердегі біржақты өткізгіштікті қалай түсіндіруге болады?
12 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Еркін түсу үдеуін маятниктің көмегімен анықтау»
Мақсаты: Еркін түсу үдеуін маятниктің көмегімен анықтау барысында білімдерін,біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру


Құрал жабдықтар: саңылауы бар шар, жіп, муфтасы мен сақинасы бар штатив, сызғыш, тілшесі бар сағат.


Жұмыс барысы:

  1. Штативті парта шетіне қарай қою. Оның жоғарғы ұшына муфтаның көмегімен сақинаны бекіту, сақинаға жүкшесі бар жіпті байлау. (Жіптің ұзындығын, шар еденнен 1-2 см жоғары тұратындай етіп алу).

  2. Жіптің ұзындығын өлшеу (L).

  3. Маятникті қозғалысқа келтіру үшін, тепе-теңдік жағдайынан 5-8 см ауытқыту керек.

  4. Тербеліс саны N1=50 үшін t1 уақытын санап алу.

  5. Тербеліс саны N2=70 үшін t2 уақытын санап алу.

  6. Мына формулалар арқылы еркін түсу үдеуінің мәндерін есептеу:

, .

  1. Еркін түсу үдеуінің орташа мәнін анықтау:

.

  1. Абсолют ауытқуды анықтау:

.

  1. Салыстырмалы ауықуды анықтау:

.

  1. Кесте құру:




Маят-никтің
ұзын-дығы
L (м)

Тербе-ліс саны
N

Уақыт
t (с)

Еркін түсу
үдеуі


Еркін түсу
үдеуінің орташа мәні


Кесте-дегі
мәні


Абсолют ауытқы


Салыстырмалы ауытқу
%

1




50










9,81







2




70





















  1. 6-пунктіне түсініктеме:




Бақылау сұрақтары:

  1. Тербелмелі қозғалыс қандай қозғалыс түріне жатады?

  2. Математикалық маятник деп нені атаймыз?

  3. Математикалық маятниктің периоды жүкшенің массасына тәуелді ме?

  4. Математикалық маятниктің периоды ұзындыққа қалай тәуелді?

  5. Еркін түсу үдеуінің мәнін 9,8 м/с мәнімен салыстыр.



13 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Серіппелі маятниктің тербелісін зерттеу»
Мақсаты: Серіппелі маятниктің тербелісін зерттеу барысында білімдерін,біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Құрал-жабдықтар: 100 г-нан жүкшелер жиынтығы,ұстағышы бар
спиральды серіппе, штатив, көрнекілік метр, секундомер немесе
секундты тілшесі бар сағат.


Жұмыс барысы:
1.Дәптерге өлшеулердің қорытындысы мен есептеулерді жазу
үшін кесте сызып, дайындау:







F,
Н

x,
м

k,
Н/м

m,
кг

ν0 =

∆t,
с





1























2























2.Ұстағышы бар серіппені штативке бекітіп, оған массасы 100 г жүкшені іліңдер.


3.Жүкшенің жанына өлшегіш сызғышты
тігінен бекітіңдер және жүкшенің бастапқы қалпын өлшеңдер.
4. Массасы 100 г-нан 2 жүкшені серіппеге іліп,оның ∆ F=2Н
күштің әсерінен пайда болған ұзаруын ∆x өлшеңдер.
5.Өлшенген ұзару ∆x және белгілі күш бойынша серіппенің
қатаңдығын есептеңдер: k = F/x ;
6. Серіппенің қатаңдығын біле отырып, тербелістердің меншікті жиілігін ν0 және массасы 200 г және
400 г серіппелі маятниктің периодын Т0 есептеңдер.
7. Массалары 100 г-нан 2 жүкшені серіппеге іліңдер, маятникті
5-7 см-ге ығыстырып, серіппелі маятникті қозғалысқа
келтіріңдер және тәжірибе жүзінде маятниктің тербеліс
жиілігін анықтаңдар.
Бұл үшін маятник 20 толық тербеліс жасайтын уақыт аралығын
t өлшеңдер және мына формула бойынша есептеулер
жүргізіңдер:

n – тербеліс саны
8.Тура осындай өлшеулер мен есептеулерді массасы 400 г
маятник үшін орындаңдар.
9.Серіппелі маятниктің меншікті жиілігінің ν0 есептелген
мәндерінен тәжірибе жүзінде алынған жиіліктерінің ауытқуын
есептеңдер және өлшеулер мен есептеулердің
қорытындыларын кестеге жазыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет