Жұмыс нәтижесін тапсыру:
Реакция нәтижесінде алынған мәндерді кестеге жазыңдар:
Реакция жылдамдығын (и) лайланған уақыт (т) бойынша есептеу қажет.
Миллиметрлік қағазға реакция жылдамдығынын u (ось ординаты) концентрацияға С (ось абецисса) байланыстығынын u=f(C) графигін сызындар. Масштабты алу үшін, ең жоғары мәндері ось ординат пен ось абсциста шамада 8см тең болуы мүмкін. Әрекеттесуші массалар заңына байланысты графиктің сызығы координаттың басынан өтуі керек. Берілген жағдайға реакция жылдамдығының концентрацияға байланыстығына қорытынды жасаңдар.
Бақылау сұрақтары:
Химиялық реакция жылдамдығы деген не? Химиялық реакция жылдамдығы ол кандай факторларға байланысты (тәуелді)?
Әрекеттесуші массалар заңынын анықтамасы: оның математикалық өрнегі, реакцияның жылдамдық константасы, ол қандай факторларға байланысты (тәуелді)?
Температура өзгергенде: химиялық реакция жылдамдығы қалай және неліктен өзгереді? Вант-Гофф заңының математикалық өрнегі. Активтену энергиясы деген не?
Катализатор дегеніміз не? Гомогендік және гетерогендік катализ, олардың механизмі. Мысал келтіріңдер.
Қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Мысалдар.
Химиялық тепе-теңдік. Тепе-теңдіктің константасы. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына қандай факторлар әсер етеді? Ле-Шателъе принципі.
Есеп. Мынадай реакция тендеуінде: N2+02=2NO әрекеттесуші заттардың бастапқы концентрациясы (моль/л) [N2]=0,049 моль/л; [О2]=0,01 моль/л; [NO] концентрациясы 0,005 моль/л тең болғанда, азот пен оттектің тепе-теңдік концентрациясын есептеңдер.
8. Есеп. Мына гетеорогендік реакцияның тепе-тендік константасының теңдеуін жазыңдар.
СО2(г) + С(к) ↔2CO(г)
Концентрациясын төрт есе азайтқанда, тура реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді? CO шығымын көбейту үшін, қысымды кандай өзгерту керек?
9. Есеп. Күкірттің және күкірт оксидінің (IV) тотығуы мына теңдеулер арқылы жүреді:
a) S(K) + 02(r)=S02(r) б) 2S02(r)+02(r)-2S03 (r)
Реакцияларға қатысқан және түзілген заттардың көлемдері төрт есе төмендеткенде, осы реакциялардың жылдамдыктары қалай өзгереді?
10. Гомогенді жүйенің 4НСІ(г)+О2(г) =2Н2О(r)+2С12(г) заттардың концентрациялары тепе-теңдік жағдайға мынадай мәндерінде теңеледі:
[Н2О]т-т=0.14моль/л, [С12]т-т=0.14моль/л; [НС1]т-т=0.20моль/л;
[О2]т-т=0.32моль/л;
Хлорлы сутек пен оттектің бастапқы концентрациясын есептеңдер.
11. Есеп. Гомогендік жүйенің N2(r)+3H2(r)==2NH3(r), тепе-теңдік константасы 0,1 тең. Сутек пен аммиактың тепе-теңдік концентрациялары сәйкес 0,2 және 0,08 моль/л тең. Азоттың тепе-теңдік және бастапқы концентрациясын есептеңдер.
12. Мына жүйенің: Н2О(г)+СО(г)↔Н2+СО2(Г)
25°С- та ΔС т°298 және тепе-тендік константасын есептеңдер.
.№ 7 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
Достарыңызбен бөлісу: |