Зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұСҚАУ


Лабораториялық жұмыстын аты: Сутектік көрсеткіш. Тұздардың гидролизі



бет21/39
Дата21.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#154385
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
Байланысты:
бейорганикалық химия лаб жум адис нус

Лабораториялық жұмыстын аты: Сутектік көрсеткіш. Тұздардың гидролизі.
Жұмыстын мақсаты: студенттерді сутектік көрсеткіш және тұздардың гидролизімен таныстыру
Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар, реактивтер
Пробиркалар, стақандар, рН-метр, дистилденген су, тұз қышқылы, сілті ерітіндісі, индикаторлар
Жұмысты орындаудың әдістемелік нұсқауы
1-тәжірибе: Ерітінділердің рН-анықтау
рН-метрдің көмегімен нейтрал, қышқыл және негіздік ерітінділерінің рН-тың мәнін анықтаңдар. Ол үшін 3 стаканға дистилденген су 0,1 м тұз қышқылы 0,1м сілті ерітіндісін құйып, ортаның рН-н анықтаңдар. Әр стакандағыны 3 пробиркаға бөліп құйыңдар, индикатордың түсін анықтаңдар. Ол үшін пробиркаға бір-екі тамшыдан метилоранж, фенолфталеин, лакмус тамызыңдар.
2-тәжірибе: Қыздырудың гидролизге әсері.
AlCl3 немесе Na2CO3 ерітінділерінің бірнеше тамшысын салқын және ыстық суы бар пробиркаға тамызып, ерітінділердің түсінің өзгеруін түсіндіріңдер. Осы ерітінділердің рН-н өлшеңдер.
3-тәжірибе: Ерітінді сұйытылған кезде гидролиздің тепе-теңдігінің ығысуы.
0,5н мырыш нитраты немесе натрий хлориді ерітінділерінің рН-н анықтаңдар. Ерітінділерді екі есе сұйылтып, ортаның рН-н өлшеңдер.
4-тәжірибе: Тұнбаның түсу жағдайы
Екі пробиркаға 2-3 тамшы темір сульфаты (ІІ) ерітіндісін құйыңдар. Біреуін осындай мөлшерде күкірт сутек, ал екіншісіне аммоний сульфиді ерітіндісін құйыңдар. Қай жағдайда тұнба түседі?


Студенттердің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары
Протонды беру қабілеті бар заттар қышқылдар, ал протонды біріктіріп алу қабілеті бар заттар негіздер деп аталады. Мұндай жандасу қышқыл мен негіздердің протондық теориясы деген атпен жарияланған (протолиттік теория) :
Қышқыл = протон + негіз
Күкірт қышқылының суда еру процесінің химизмін қарастырайық. Күкірт қышқылы негіз ролін ойнаушы суға протонын беруі нәтижесінде жаңа қышқыл ( гидроксоний ионы Н3О+) және жаңа негіз ( бисульфат- анион ) пайда болады. Соңғы аталғандар сәйкестелген түрде қабаттасушы ( сопряженный ) қышқыл және қабаттасқан негіз деп аталады. Протон әсерлесуші қосылысқа өткеннен кейін рольдері алмасады – күкірт қышқылы қабаттасушы негізге, ал су ( негіз ) қабаттасқан қышқылға ( Н3 О +) айналады.
Күкірт және сірке қышқылдарын араластырғанда соңғысы негіз ролін ойнайды.


Сутекті көрсеткіш рН = - lg  H+

РН 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14


Қышқылдық нейтрал негізді
орта орта орта
рОН = - lg О H-  ; рН + рОН = 14 ; рОН = 14 – рН




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет