AI3+ + 3ОН- → 2 AI(ОН)3 AI(ОН)3 аммонийдің тұздарында ерімейді.
Егер алюминий ерітіндіде алюминат түрінде болатын болса, онда оны тұнбаға түсіру үшін минералды қышқылмен әсер етіп алюминатты ыдырату керек.
NaAIO2 + 4HCI → AICI3 + NaCI + 2H2O
AIO2- + 4H+ → AI3+ + 2H2O
AICI3 + 3NH4OH → AI(OH)3 ↓ + 3NH4CI
AI3+ + 3OH- → AI(OH)3 Алюминон (ауринүшкарбон қышқылының аммоний тұзы).
АІ3+ катионымен қызыл түсті ішкі комплексті тұзын береді.
Тәжірибе: Пробиркаға 4-5 тамшы зерттелетін ерітінді құйып, сосын 2-3 тамшы 2н СН3СООН және 4-5 тамшы алюминон (0,1 %) ерітіндісін қосады.Пробирканы сулы моншада қыздырып, араластырып, сілтілік реакцияға дейін аммиак ерітіндісін, сонан соң 3-4 тамшы 2н (NH4)2CO3 ерітіндісін қосады. Осы жағдайда, егер АІ3+катионы болса, ол қызыл тұнбаға түседі немесе қызыл түс пайда болады.
Тәжірибенің жүру шарттары: Бұл реакцияның жүруіне Fe3+ және Bi3+ иондары кедергі жасайды.
Реакция рН = 8,5 – 9,5 ортада жүреді.
АІ3+ катионына құрғақ түрде реакция.
Көп мөлшерде сұйытылған кобальт нитратының Со(NO3)2 ерітіндісі АІ3+ катионымен көк түсті тенар көгі деп аталатын кобальт алюминатын Со(АІО2)2 береді:
2AI2(SO4)3 + 2Co(NO3)2 → 2Co(AIO2)2 + 6SO3 + 4NO2↑ + O2↑