Жұмыстыорындаудың әдістемелік нұсқауы Молекулалық ерітіндіден коллоидтыға және коллоидты ерітіндіден (зольден) гельге, яғни молекулалық ерітінді↔ ↔золь↔гель тепе-теңдіктегі ауысумен сипатталатын системалар-ды коллондты БАЗ немесе шала коллоидтар деп атайды. Сол секілді осы системадағы коллоидтарды кейбір өқулықтарда семиколлоидтар деп те атайды. Мұндай шала коллоидты системалар кейбір бояуларды, сабындарды, тері өңдеуге қолданылатын таннид деп аталатын қосылыстарды еріткенде пайда болады. Олардың арасында ерітінділері БАЗ түзетін шала коллоидты топтағылары жан-жакты зерттелген. Сондықтан да осы системаның касиеттері мен ерекшеліктері шала коллоидты мысалдарға сүйене отырып қарастырылады.
«ІІІала коллоидты системадағы зат бір күйден екішліге және керісінше ауысуы үшін, ерітіндінің концентрациясын, температура-сын, ортаның рН-ын өзгерту қажет немесе оған электролит косу керек. Олай болса, шала коллоидтың тұрақтылық күйдегі жағдайын өзгерте отырып, одан не ерітіндісі молекулалык дисперстілік дәрежесінде болатын молекулалық (гомогенді), не бөлшектері бірнеше молекуладан шоғырланған агрегат секілді ірі болып ке-летін (гетерогенді) системаларды алуға болады. Мұндағы бөлшектерді де мицеллалар деп атайды. Олар коллоидты системадағы мицеллалардан гөрі термодинамикалық тұрақты және ол өзінің осындай күйін сақтайды. Мицеллалардың тұрақтылығы ондағы диссоциация жылдамдығымен, яғни молекуланың мицеллада болатын орташа мерзімімен сипатталады екен. Әуелде мұндан ерітінділерді бұрында айтылғандай, шала коллоидтар немесе семиколлоидтар деп атаған. Ғылыми әдебиеттегі айтылып жүрген пікірлерге орай оларды коллоидты БАЗ деген тиімді.
Коллоидты БАЗ мицелла түзуі үшін, біріншіден, оның кұра-мында судағы ерігіштікті төмендететін үлкен көмірсутекті ради-калы, екіншіден, оның ерігіштігін жоғарылататын полюстігі күшті тобы болуы керек. Құрамындағы радикалда көміртек атомы 7-ден аз болса, ондағы әлсіз полюсті топ мицелла түзуге кедергі келтіре
ді. Көптеген коллоидты БАЗ үшін, мысалы, құрамындағы оксиэтиленденген спирттің санына, яғни молекуладағы гидрофильді бөлікке қарамастан, көмірсутекті тізбектегі көміртек саны 7—8-ден асқанда ғана мицелла түзілетіндігі белгілі.
Ерітіндідегі коллоидты БАЗ беттік керілудің концентрацияға тәуелділігін сипаттайтын изотерма беттік керілудің кемуін көрсететін түзу сызықтан, Шишковский теңдеуімен өрнектелетін қисық сызық бөлігінен және абсцисса осіне параллель күйінде қалатын, концентрациясы ККМ-нен жоғары болатын бөліктен тұрады. Осы соңғы бөлікте беттік керілу өзгеріссіз калады, өйткені оған қосылған коллоидты БАЗ ерітінді — ауа жанасу шегінде адсорбцияланбастан, ерітінді ішінде мицелла түзеді. Ал коллоидты БАЗ коллоидты ерігіштік бермесе, онда оның осы түзу сызықты бөлігі жоғарғы концентрациялы жақка ығысады. Осы айтылғандарға орай коллоидты БАЗ анионды, катионды және ионды емес болып негізгі үш топқа бөлінеді.