Зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұСҚАУ



бет34/39
Дата21.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#154385
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
бейорганикалық химия лаб жум адис нус

Sn2+ катионының тотықсыздануы.
Висмут және сынап тұздарының Sn2+ катионымен тотықсыздануы.
Егер Sn2+ катионы бар тұздардың сілтілік ерітіндісіне кішкене мөлшерде нитрат ерітіндісін, висмут немесе сынап хлоридінің ерітіндісін тамызса, металл висмуттың немесе сынаптың қара тұнбасы пайда болады.
SnCI2 + 4KOH → K2SnO2 + 2KCI + 2H2O
Sn2+ + 4OH- → SnO22- + 2H2O
2Bi(NO3)3 + 2K2SnO2 + 6KOH → 2Bi↓ + 3H2O + 6KNO3 + 3K2SnO3
2Bi3+ + 3SnO22- + 6OH- → 2Bi + 3SnO22- + 3H2O
HgCI2 + K2SnO2 + 2KOH → Hg↓ + K2SnO2 + 2KCI + H2O
Hg2+ + SnO22-+ 2OH- Hg + SnO22- + H2O
Пробиркаға Sn2+ катионы бар ерітіндінің тамшысын тамшылатып, оның үстіне тағы 6-7 тамшы 2н натрий гидроксидінің ерітіндісін құйып, тұнбаны центрифугаттайды. Центрифугаттың 2-3 тамшысын пробиркаға тамшылатып, оған 1-2 тамшы BiNO3 ерітіндісін қосады. Sn2+ катионы бар болған жағдайда висмуттың қара түсті тұнбасы түседі.
Тәжірибенің өту шарттары:

  1. Зерттеліп жатқан ерітіндіге Nа2SnO2 түзілгенше NаОН ерітіндісін қосады.

2.Күкіртсутекті судың Н2S қышқыл ерітінділері Sn2+ катионымен кою-қоңыр қалайы сульфидінің тұнбасын береді.
SnCI2 + H2S → SnS ↓ + 2HCI
Sn2+ + H2S → SnS ↓ + 2H+
Sn4+ rатионына жеке реакциялар
1.Күкіртсутек Sn4+ катионымен SnS2нің сары түсті тұнбасын береді
H2(SnCI6) + 2H2S → SnS2↓ + 6HCI
(SnCI6) + 2H2S → SnS2↓ + 6CI- + 4H+
As3+ және As5+ катиондарына жеке реакциялар

  1. Иод ерітіндісі арсенид – анионды AsО33- және AsО43- арсенат анионына дейін тотықтырады. Ерітінді түссізденеді.

AsO33- + I2 + H2O → AsO43- + 2H+ + 2I-
Тәжірибе. Пробиркаға 3-4 тамшы натрий арсенитінің Na3AsO3 құйып, оған кішкене ұнтақ натрий бикарбонатын қосып, шыны таяқшамен араластырып, артынан 2-3 тамшы иод ерітіндісін қосады
Тәжірибенің жүру шарттары

  1. Тепе-теңдікті иондар түзілетін жаққа қарай ығыстыру үшін сутегі қостарын натрий көмегімен байланыстыру қажет.

  2. Иод ерітіндісін тамшылата қосқан жөн болады. КІ қышқыл ортада арсенат аниондарымен бос ионға дейін тотығады. Иод крахмал ерітіндісін қою көк түске бояйды.

AsO43- + 2I- + 2H+ → AsO33- + I2 + H2O
Тәжірибе: Пробиркаға 3-4 тамшы Na3AsO3 ерітіндісін; 1-2 тамшы концентрлі НСІ, 3-4 тамшы крахмал қоймалжыңын және 3-4 тамшы иод ерітіндісін қосып, араластырғанда қою көк түс пайда болады.
ІУ топ катиондарының бақылау жұмысы
Талдау 3 бөлімнен тұрады:
1. АІ3+ және Sn3+ катиондарының бөлінуі және анықтау.
2. Цинк катионының бөлінуі және анықтау.
3. Сг3+ және мышьяк катиондарын ашу.
Тәжірибе. 8-9 тамшы зерттелетін ерітіндіні алып, оған 8 тамшы аммиак және 6-7 тамшы Н2О2 қосып, 6-7 мин. сулы моншада қыздырады. АІ(ОН)3 және Sn(ОН)4 тұнбаларын центрифугаттау арқылы бөледі. Центрифугатты пипеткамен басқа пробиркаға бөледі. Тұнба 5-6 тамшы НСІ ерітіп және алынған ерітіндіні 2-ге бөліп АІ катионын ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет