3. Қоса тұндыру реакциясы
NаOH, КОН гидроксидтері Zn2+ катионы қатысында Сг3+ катионына әсер еткенде тұндырғыш артық мөлшерінде де ерімейтін хромның цинкаты тұнбаға түсті. Осы тәжірибені 3 тамшы СгСІ3 және 3 тамшы ZnСІ2 ерітіндісін алып, шыны таяқшамен араластырып және 10-12 тамшы NаOH құйып араластырады. Қорытынды мен реакция теңдеулерін жазу қажет.
4. Сг3+ катионының қышқылдық ортада КМпО4 тотығуы Сг2О72- анионына дейін жүреді: 5Сг2(SO4)3+6KMnO4+11H2O→5H2Cr2O7 +6 MnSO4+3K2SO4+ 6H2SO4
10 Cr3+ + 6MnO4- + 11H2O → 5Cr2O72- + 6Mn2+ + 22 H+
Бұл реакцияда МпО4- анионының малина түсті жойылуы мүмкін және МпО(ОН)2 марганецтің қос тотығы гидроксидінің немесе Н2МпО3 марганец қышқылының тұнбасы пайда болады. Тұнбаның түсуі КмпО4 артық мөлшерімен түзілген тұз MnSO4 әрекеттесуімен түсіндіріледі. Реакция қыздырғанда тез жүреді.
2KMnO4 + 3MnSO4 + 7H2O → 5MnO(OH)2 + K2SO4 + 2H2SO4
2MnO4- + 3Mn2+ + 7H2O → 5MnO(OH)2 + 4H+
Тәжірибе.
Пробиркаға 4-5 тамшы Сг2(SO4)3 ерітіндісін 3-4 тамшы H2SO4 ерітіндісін және 10 тамшы 0,1н KMnO4 ерітіндісін құйып, пробирканы қоспасымен сулы моншада бірнеше минут қыздырады. Ерітіндінің малина түсі қызғылт түске ауысады – түстің өзгеруіне назар аудару керек.
№ 14 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
Натрий тиосульфат ерітіндісін дайындау және оның титрін калий дихроматы немесе перманганат бойынша анықтау
Тақырыбы: Калий перманганаты ерітіндісін және титрін қымыз қышқылы бойынша анықтау.
Натрий тиосульфат ерітіндісін дайындау және оның титрін калий дихроматы немесе перманганат бойынша анықтау
Достарыңызбен бөлісу: |