Тәжірибе: Фильтр қағазының І бөлігін алып, оны зерттелетін ерітінді мен азот қышқылына батырып, сосын жылы ауа ағынында ұстап, кобальт нитраты Co(NO3)2 0,05н сұйытылған ерітіндісіне батырып, сосын жағады. АІ3+ катионы болған жағдайда қою көк түсті күл пайда болады. Бұл реакцияның жүруіне Zn2+, Cr3+, Cu2+, Ni2+ катиондары кедергі жасайды.
Сг3+ катионына жеке реакциялар.
Құрамында Сг3+ катионы бар тұздардың ерітінділері жасыл немесе күлгін түсті хромат-ион СгО42- - сары, дихромат-ион Сг2О72- - қызғылт-сары түсті болып келеді.
Аммиактың сулы ерітіндісі Сг3+ катионымен қоңыр-жасыл (немесе қоңыр-күлгін) түсті Сг(ОН)3 тұнбасын түзеді.
Cr3+ + 3NH4OH → Cr(OH)3 ↓ + 3NH4CI
Cr3+ + 3OH- → Cr(OH)3
Натрий гидроксиді хроммен әрекеттесіп Cr(OH)3 қоңыр-жасыл тұнбасын түзеді
СгСІ3 + 3 NаOH → Cr(OH)3 ↓ + 3NаСІ
Cr3+ + 3OH- → Cr(OH)3
NаOH, КОН артық мөлшерде болса, Cr(OH)3 еріп, ашық – жасыл түсті хромит NаCrO2 түзеді: Cr(OH)3 + NаОН → NаCrO2 + 2Н2О
Cr(OH)3 + ОН- → CrO2- + 2Н2О
Тәжірибе: Бір пробиркаға 3-4 тамшы СгСІ3 ерітіндісін, екіншісіне 3-4 тамшы АІСІ3 ерітіндісін құйып, әрбір пробиркаға 10-12 тамшыдан NаОН тамызып, қыздырады. Бірінші пробиркада түзілген Cr(OH)3 тұнбаға әр қарай сілті қосқанда ериді, ал қыздырғанда тағы да сұр-жасыл түрінде тұнбаға түсетініне назар аудару қажет. Екінші пробиркада түскен АІ(OH)3 тұнбасы NаОН артық мөлшерінде ериді, ал қыздырғанда тұнба түзілмейді. Реакциялардың құру шарттарын жазу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |