Зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұСҚАУ


Сілтілік металдар мен аммонийдің карб



бет33/39
Дата21.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#154385
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Байланысты:
бейорганикалық химия лаб жум адис нус

2.Сілтілік металдар мен аммонийдің карбонаттары негізгі тұздардың ақ тұнбасын түзеді:
2ZnCI2 + 2Na2CO3 + H2O → Zn2(OH)2CO3 ↓ + NaCI + CO2
2Zn2+ + 2CO32- + H2O → Zn2(OH)2CO3 + CO2
3.Н2S күкіртсутек Zn2+ катионымен ZnS цинк сульфидінің ақ тұнбасын түзеді:
ZnCI2 + Н2S → ZnS ↓ + 2НСІ
Zn2+ + Н2S → ZnS ↓ + 2Н+
Тәжірибе: Пробиркаға 3-4 тамшы ZnCI2 құйып, оған 2-3 тамшы СН3СООNa ерітіндісін және 5-7 тамшы Н2S суын қосады. Тұнбаның түзілуін бақылайды. Универсал индикатор қағазымен ерітіндінің рН тексерілді. Қандай рН шамасында ZnS тұнбасы ериді?
Тәжірибенің жүру шарттары:

  1. Реакцияны сіркеқышқылды ортада жүргізген дұрыс.

  2. Тотықтырғыштардың қатысы реакция жүруіне кедергі жасайды.

4. Калий гексациано (ІІ) ферраты К4[Fe (CN)6] Zn2+ катионымен қос тұздың ақ тұнбасын түзеді.
3ZnSO4 + 2K4[Fe(CN)6] → K2Zn3[Fe(CN)6]2 + 3K2SO4
3Zn2+ + 2[Fe(CN)6]4- + 2K+ → K2Zn3[Fe(CN)6]2
Бұл реакция Zn2+ катионын АІ3+ катионынан айыруға мүмкіндік тудырады.
5 .Микрокристаллоскопиялық реакция.
Шыны әйнекке СН3СООН-н қышқылданған зерттелетін ерітіндінің 1 тамшысын тамызып, оған аммонийдің тетрародано-(ІІ)-меркуратының (NH4)2[Hg(SCN)4] тамшысын қосып, микроскоппен мырыштың тетрародано-(ІІ)-меркураты Zn[Hg(SCN)4] кристалын қарайды. Егер зерттелетін ерітінді өте сұйық болса, онда қыздырғаннан кейінгі құрғақ қалдыққа реактивтің бір тамшысымен қосады. (Со3+ катионы қатысында тұнба көк түске боялады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет