Лабораториялық жұмыстын аты: Электролиттік диссоциация күшті және әлсіз электролиттерді тәжірибеде сынап көру.
Жұмыстын мақсаты: Электролиттік диссоциация күшті және әлсіз электролиттерді тәжірибеде сынап көру
Лабораториялық жұмысќа қажетті құрал-жабдықтар, реактивтер Дистилденген су, электр өткізгіштік, стақандар
Жұмысты орындаудың әдістемелік нұсқауы
1-тәжірибе. Ерітінділердің электр өткізгіштігін анықтау. Схемасы -суретге көрсетілгендей кұралды пайдаланып дистилденген судың электр өткізгіштігін байқандар. Ол үшін 100 мл-лік стакан алып, 50-40 мл су құйып, көмір электродтарды батырыңыз. Токқа косқаннан кейін лампаның қызуын байқаңдар.
2-тәжірибе.
Төмендегі берілген 0,1М заттардың ерітінділерін:
СН3СООН NH4OH, HN03, HCI, NaOH, HN03, КОН, KN03 электр өткізгіштігін тексеріңдер. (Ерітіндіден электродтарды батырмас бұрын дистилденген сумен жуып алу керек). He байқалады? Электр лампасының қызуын байқаңдар. Қандай электролиттерге жатады?
3-тәжірибе. Бірдей көлемде алынған ерітінділерді араластырыңдар.
Күшті қышкыл мен күшті негізді.
Әлсіз қышқыл мен әлсіз негізді.
Пайда болған ерітінділердің электр өткізгіштігін тексеріңдер. Қандай қорытынды жасауға болады?
4-тәжірибе. Ерітінділердің электр өткізгіштігіне электролиттін диссоциациялану дәрежесінін әсері.
Стаканға аз шамасында концентрленген сірке қышқылдың ерітіндісін құйыңдар, токқа қосыңдар. Электр лампаның қызуын байқаңдар. Қышқылға біртіңдеп дистилденген су кұйыңдар. Лампаның қызуы қалай өзгереді? Байқалған өзгерістерді түсіндіріндер. 0,1 М, 0,01 М, 0,001 М, СН3СООН ерітіндісінің диссоциациялану дәрежесін есептеңдер. Прибор мен электродтарды сумен жуып, шайып тәжірибені концентрленген NH4OH ерітіндісімен қайталап а=f(С) грфигін сызыңдар.