Зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұСҚАУ


-тәжірибе. Әлсіз электролиттін диссоциациялану дәрежесіне аттас ионның әсері



бет19/39
Дата21.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#154385
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39
Байланысты:
бейорганикалық химия лаб жум адис нус

5-тәжірибе. Әлсіз электролиттін диссоциациялану дәрежесіне аттас ионның әсері.
Пробиркаға сұйытылған NH4OH ерітіндісін құйыңдар 2-3 тамшы фенолфталеин қосыңдар. Ерітіндіні екі пробиркаға бөліндер. Бір пробирканы ерітіндісімен салыстыру үшін қойыңдар, екіншісіне NH4CI кристалдарын қосындар, жақсылап араластырыңдар. Ерітіндінің түсі қалай өзгереді? Ле-Шателье принципіне сүйеніп, қандай қорытынды жасауға болады?
6-тәжірибе. рН-ты анықтау, индикатордың түсінің рН-ка байланыстылылығы. рН-метрмен жұмыс істеу ережелері.
а) рН-метрдің көмегімен нейтралды, қышқылдық және негіздік ерітінділерінің рН-ының мәнін анықтаңдар. Ол үшін 3 стаканға дистилденген су, 0,1м тұз қышқылы, 0,1м сілті ерітіндісін құйып, ортаның рН-н анықтандар.
Әр стакандағыны 3 пробиркаға бөліп құйындар, индикатордың түсін анықтаңдар. Ол үшін пробиркаға бір екі тамшыдан метилоранж, фенолфталеин, лакмус тамызыңдар.
Студенттердің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары
Li, Rв,К,Ва, Sr,Ca,Na,Mq,Al,Mn,Zn,Cr,Fe,Cd,Co,Ni,Sn,Pв,H,Sb,Вi,Cu,Hq,Aq,Pd,Pt,Au
Екілемші электр қабаты (ЕЭҚ). Электрод потенциалы сутекті жарым элемент.
Гальваникалық элемент деп химиялық реакция энергиясын электр энергиясына айландыратын құрылманы айтамыз.
Zn0 /Zn2+ // Cи2+/ Cи0
Процесс химизмі:
Zn0 –2e =Zn2+, тотықсыздандырушы
Сu2+ +2e=Cu0, тотықтырушы

ЭҚК= (ЭДС) – Гальваникалық элементтің электр қозғатушы күші.


ЭҚК= Етотықтырушы - Е тотықсыздандырушы


ЕҚК= E0си –Е 0zn=+0,34 –(-0,76) =1,1 в


Электрод потенциалы Нэрнст теңдеуі жәрдемінде есептеледі.
ЕМе=E 0Мe + RT
nF .ln [ Me +n ]

Тұрақтылар R,Т,Ғ шамаларын қойып, натурал логарифмді ондық логарифимге


In = 2,303 Ig өткізіп:
Еме = Еме0 + 0,058
n . lg [ Me+n ]
n-металл валенттігі немесе электрон саны.
Электролиз: -Электр тогы жәрдемінде заттарды ыдырату процессі.

1. Металл кернеулік қатарында қаншалықты сол жақта орналасса бір түрлі жағдайларда оның иондары соншалық қиын разрядталады.


Оңай Аu3+ ,Aq + -иондары; қиынырақ Li + , Rв,+ К+ иондары.

2. Егер ерітіндіде бірнеше металлдар иондары болған жағдайда бірінші кезекте теріс потенциалы аз (немесе он потенциалы – көп) металл иондары разрядталады.Cu2+ және Zn2+ иондары бар ерітіндіден бірінші кезекте Cu2+ иондары ажыралады.


3. Концентрацияның көбейуі иондар разрядталуын оңайластырады, ал кемейуі қиындастырады.


4. Натрий,кальций тағы басқа металл тұздары (алюминиге дейін) сулы ерітінділердің электролизі кезінде ерітіндіден сутегі иондары разрядталып сутегі ажыралады.


5. Анодта қышқыл қалдығы иондары немесе судың гидроксил иондары разрядталады.Қышқыл қалдығы иондары құрамында оттегі болмаса (Сl-,S2-,CN- т.б) осы иондардың өзі разрядталады да анодта Cl2,S т.б ажыралады. Керісінше электролизге құрамында оттегі тұтқан қышқыл тұзы немесе қышқылдың өзі электролизге ұшыратылса анодта қышқыл қалдықтарының орнына гидроксил иондары разрядталады.Гидроксил ионы разрядталғанда пайда болатын нейтрал . ОН группалар тезде


4ОН 2Н 2О +О2
теңдеуі бойынша ыдырап кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет