Студенттердің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары Бейорганикалық химиядан лабораториялық жұмысты бастамас бұрын студенттер алдымен лабораториялық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, арнайы параққа қол қоюлары керек.
Әрбір студенттің лабораториялық жұмыс істейтін тұрақты орны болады. Егер студент әрбір жұмыстың теориялық негіздерін түсініп жасаса, сонда ғана химиялық лабораторияда жұмыс істеудің нәтижесі болады.
Химиялық лабораторияда жұмыс істеу кезінде жүгінетін негізгі ережелер:
1.Әрбір лабораториялық жұмыс алдында студенттер өз бетінше сол тақырыпқа қатысты теориялық материалмен жұмыс істеулері керек. Сонда ғана лабораториялық жұмыс пайдалы да нәтижелі болады.
2.Жұмыстың мақсаты белгілі болғанша, жұмысқа керекті құрал-жабдықтарды (ыдыстар, аспаптар, реактивтер) түгендеп алмайынша жұмысты бастауға болмайды. Жұмысқа тек оның сипаттамасымен танысқаннан кейін және түсініксіз сұрақтарды мұғалімнен сұрап алғаннан кейін ғана кірісу керек.
3.Жұмыс істегенде нұсқауда көрсетілген операциялардың реті мен жүйелілігін дәл сақтау керек.
4.Нұсқаудың осы бөлімінде берілген қауіпсіздік техникасы туралы барлық қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Тіпті қарапайым химиялық операцияларды ұқыпсыз орындау қолайсыз жағдай тудыруы мүмкін екенін есте сақтаған жөн.
5.барлық лабораториялық жұмыстарды мүмкіндігінше мұғалімнің көрсетуі бойынша 3-5 адамнан топ болып орындауға және жеке-жеке орындауға болады.
6.Берілген лабораториялық жұмысқа дайындалған реактивтерді қолдану керек. Жалпылама қолданылатын реактивтерді жіне концентрлі қышқыл мен сілті ерітінділері құйылған ыдыстарды жұмыс орнына алып кетпеу керек. Әрбір затты немесе реактивті қолданғаннан кейін орнына қою қажеттігін ұмытпаған жөн.
7.Реактивті қолданар алдында ыдыстың этикасымен мұқият оқу керек. Этикеткада атынын (немесе формуласынан) басқа оның тазалық көрсеткіші болады. Егер реактиві бар ыдыста этикеткасы немесе жазуы болмаса, оларды мұғалімнің рұқсатынсыз қолдануға болмайды.
8.Лабораторияда әрбір студентке белгілі орын берілуі керек. Жұмыс кезінде жұмыс үстелінде тек қана керекті аспаптар, реактивтер және лабораториялық журнал ғана болғаны дұрыс.
9.Зиянды заттармен барлық жұмыстарды тартқыш шкафтың астында орындау қажет. Концентрлі қышқылдар мен сілтілерді тартқыш шкафтың астында құйып алу керек. Тәжірибені жүргізу үшін заттардың аз мөлшерін алу керек, бұл тек үнемдеу үшін ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаны артық қалдықтармен ластаудан сақтайды.
10.Реактивті қолданғаннан кейін ыдысты тығынмен жауып, орнына қою керек.
11. Құрғақ реактивтерді ылғи таза және құрғақ болатын кәрлен, металл, шыны қасықтермен алу керек. Қолданып болған соң оларды жақсылап сүрту керек.
12. Егер реактивті тамшуырмен алса, онда сол тамшуырмен оны жумай басқа ыдыстан реактив алуға болмайды.
13. Ыстық аспаптар мен ыдыстарды үстелге емес, арнайы қойғышқа қою керек.
14. Құрылғыларды газдың азайып кетпеуін мұқият қадағалаған жөн.
15.Барлық тәжірибені халат киіп жасау керек. Ұзын шашты орамал астына жинап қойған дұрыс.
16.Лабораторияда тамақ ішуге, темекі тартуға болмайды.
17.Тәжірибені жасап болысымен лабораториялық журналға байқағандарың мен реакция теңдеулерін жазып алыңдар.
18.Лабораториялық жұмыс біткен соң студент химиялық ыдысты жуып, жумыс орнын ретке келтіріп, лабораторияға жауапты адамға тапсыруға міндетті.