Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет97/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

6. Алюминийдің сумен әрекеттесуі. Сынауыққа аз ғана алюминий үгіндісін салып, 3-5 мл су қосып араластырыңдар. Реакция жүре ме? Қыздырыңдар. Енді сынауыққа 2-3 мл сұйытылған сілті ерітіндісін құйып, төгіп тастап, сумен бірнеше рет жуыңдар, қайтадан су құйып қойыңдар. Біраз уақыттан соң газ көпіршіктерінің бөлінгендігі байқалады. Қандай газ бөлініп жатқандығын дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Реакция қандай жағдайда жүреді?

7. Алюминийдің қышқылдармен әрекеттесуі. (ә,б-тәжірибелері тартпа шкафта жүргізілуі керек). а) Алюминийді металдардың электрохимиялық кернеу қатарындағы орны мен стандартты электрондық потенциалының шамасымен танысыңдар. Осыған орай сұйытылған мен әрекеттесу мүмкіндіктері жөнінде қорытынды жасаңдар. Реакция нәтижесінде не түзіледі?

Жасаған қорытындының дұрыстығына тәжірибе арқылы көз жеткізейік. Екі сынауыққа алюминий түйіршіктерін салып, біреуіне 2 н , екіншісіне 2 н ерітіндісін құйып қыздырыңдар. Не байқалады? Бөлініп жатқан қандай газ? Молекулалық және иондық түрде реакция теңдеулерін жазыңдар.

ә) Сынауықтағы алюминий түйіршіктеріне конц. құйыңдар. Сынауықты баяу қыздырыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.

б) Алдын ала зімпара қағазымен тазаланған алюминий қиындысын сынауыққа салып, конц. құйыңдар. Алюминий ери ме? Біраз уақыттан кейін металды сілкімей (неге?) ақырын қышқылды құйып алып, алюминийді 2-3 рет сумен жуу керек. Содан кейін конц. құйыңдар. Реакция жүре ме? 7а-тәжірибелермен салыстырыңдар, конц. (қыздырмай тұрғанда) әсер еткен алюминий бөлігінің үстіңгі қабатында қандай өзгеріс болғанын түсіндіріңдер. Енді ерітіндісін төгіп тастап қайтадан конц. құйыңдар. Ақырын жайлап қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеуін жазыңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет